2025 жылдың 2 маусымында «IQostanay» оқушылар сарайында ІІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ІІ дәрежелі дипломына Дәмді ауылдық кітапханасының оқырманы Байтасова Балжан Нургалиевна, ІІІ дәрежелі дипломына Науырзым жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сәлімгерей Жансая ие болды, Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы және директоры Таскумбаева Бийнегуль Тулетайқызы Алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! |
2025 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің қызметкерлері ауыл балаларына арналған «Балалық шақтың ашық түстері» атты жарқын әрі есте қаларлық ойын алаңы ұйымдастырды. Бұл мереке нағыз шаттыққа, күлкі мен қуанышқа толы балалық шақтың көрінісі болды. |
2025 жылдың 1 маусымында Дәмді ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бүгінгі балалар – ертеңгі болашақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара ауыл балаларына шаттық пен ерекше көңіл-күй сыйлап, оларды қуанышқа бөледі. |
2025 жылғы 1 маусымда Раздольный ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл – балалардың шаттық пен күлкісіне толы ерекше күн. |
31 мамыр — еліміздің тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі саналатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күнге орай Шолақсай ауылында ескерткіш маңында «Саяси зобалаң құрбандары» атты ақпараттық досье өткізілді. |
Науырзым ауылдық кітапханасында «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» атты тарих сағаты өтті. Іс-шара барысында рәміздердің пайда болуы, олардың тарихтағы орны мен маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді. |
Науырзым ауылдық кітапханасында 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында тарихи экскурсия ұйымдастырылды. |
1 маусым күні орталық алаңда Науырзым аудандық балалар кітапханасы кішкентай оқырмандарына арнап «Балалық мәңгі күлімдесін» атты балалар думанын өткізді. 1 июня на центральной площади Наурзумская районная детская библиотека провела для своих маленьких читател ... Читать дальше » |
Дәмді ауылдық кітапханасында «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты тақырыптық сағат өтті. Бұл іс-шара қазақ халқының тарихындағы ең бір қасіретті кезеңдердің бірі – XX ғасырдың бас кезіндегі ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдарын еске алуға арналды. Осы бір ауыр жылдар ел жадында өшпестей із қалдырды, сондықтан олар туралы мағлұмат жас ұрпаққа жеткізіліп, жадыда жаңғырып отыруы қажет. В Да ... Читать дальше » |
Раздольный ауылдық кітапханасы жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. |