Сакральные объекты – это особо почитаемые памятники природного ландшафта и культурного наследия, светской и культовой архитектуры, мавзолеи, а также места, связанные с историческими и политическими событиями, имеющими непреходящую ценность в памяти народа Казахстана. На территории Костанайской области находится более тысячи объектов историко-культурного наследия. В «Сакральную карту Казахстана» вошли 10 объектов Костанайской области, имеющих общенациональное значение. 28 памятников и исторических мест включены в список сакральных объектов регионального значения.


ТҮРКЕБАЙ әулиенің жерленген жері

Түркебай әулие атаның зираты Науырзым ауданының Қарамеңді ауылы мен Өлеңді ауылының жолында орналасқан. Түркебай әулиенің емшілік және көріпкелдік қасиеті болған. Түркебай әулие зиратының ауру жандарға тигізетін шапағаты туралы әңгімелер өте көп. Түркебай әулиенің басына келіп, құран бағыштап, шырақ жағып түнеп, ауру жандар ауруларынан тез айығатын көрінеді. Тіпті бірнеше жыл бойы бала көтермей жүрген әйелдер әулие басына түнегеннен кейін балалы болған. Түркебай әулие зиратына тоқтамай өтпекші болған қаншама адамдардың көліктері жолда жүрмей, себептен-себепсіз тоқтап қалғандары болған. Әулие XIX ғасырда өмір сүріпті. Түркебай әулиенің руы - сүгір. Түркебай әулие қайтыс болардың алдында елін жинап, екі өсиет қалдырған көрінеді: біріншісі «Мен алдағы жұмада бақилық боламын, менің Қарабурам Тірсек пен Сыпсының арасындағы Қараштөбеде шөгіп жатыр, мені сонда жерлеңдер» деген, ал екінші өсиет: «Басыма белгі қоймаңдар, әруақтарым жүз жыл қасымда, жүз жыл басымда болады. Қиын жағдайда ауру халде еске алсаңдар, Алладан Алла қабылдаса аруағым жар болар» деп көз жұмған екен.

Әулие жерленген жерге, өз өсиеті бойынша, белгі қойылмаған. Бір кездері ұрпақтары ағаштан қоршау орнатып, ол найзағай түсіп, күлге айналыпты. Қазірге дейін бейіт басына зиярат етушілер көп. Ресей, Беларус елдерінен келген жандар да болыпты. Мұнда келген әр адам дінінің жаттығына қарамастан медет тілеп, көмек сұрай алады. Ішінен тілегін қайталап, бейіт жиегіндегі тасқа қол тигізсе болғаны. 2017 жылы қорым маңынан зиярат етушілерге арнап үй тұрғызылған. Науырзым аудандық мешіті Түркебай әулиенің есімімен аталады.

Место захоронения ТЮРКЕБАЙ аулие

на трассе от районного центра Караменды к селу Уленды. В Наурзумском районе, на трассе от районного центра Караменды к селу Уленды, находится могила святого Тюркебай аулие. По свидетельству местных жителей он жил в начале XIX века и прославился как целитель. Умирая, он сказал, что его сила сохранится ещѐ 200 лет и каждый пришедший к могиле, независимо от вероисповедания, может положить камень к знаку у дороги, либо к могиле святого, попросив его о помощи. Несмотря на некоторую удаленность захоронения от районного центра, здесь всегда многолюдно. Не так давно, потомки святого построили новый гостевой дом. Теперь сюда постоянно приезжают паломники. Люди верят в силу святого, и надеются на чудо исцеления. При жизни Тюркебай аулие просил не строить для него мавзолей. Он был простым человеком, но все же благодарные потомки трижды возводили деревянные перекрытия. И трижды случался пожар. Сегодня могила святого представляет собой небольшой холмик, перед которым лежат камни. Существует поверье, что если под ними разместить монеты, сумма которых кратна 7 и попросить Тюркебай ата о сокровенном, то он непременно исполнит желание. Внимание туристов привлекает и белый камень, лежащий там же вместе с другими. По словам аксакала Жанбырши Тлеугобылова, это не что иное, как окаменелый след верблюда великого аксакала.


ҚОЯНАҚ әулие кесенесі

Шилі мен Шолақсай ауылынан 18 шақырым жерде. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала сының аясында өткен «Тобыл-Торғай мұрасы» жобасына енген қасиетті жерлердің мәдени-географиялық тізіміне енгізілген кесенелердің бірі - Қоянақ әулие кесенесі. Қоянақ әулиеге 1911 жылы үй тұрғызылған, ал 2016 жылы көк тас қойылған. 2017 жылы қоршау тұрғызылған. Қоянақ Жолшарақызы Уақ тайпасынан, Жансары руының Құрай тармағынан. Әкесі Жолшараның атасы Тастемір атағы жер жарған әз әулие атанған жан. Қоянақ әжемізге Алла тарапынан берілген айрықша қасиет өз әкесі Жолшара әулиеден дарыған. Қасиетті кесене Қарамеңдіден 100 шақырым жерде Шилі мен Шолақсай ауылынан 18 шақырым жерде, Қарасу мен Қопа елді мекендері арасында немесе ел аузында аталып кеткендей Жарманда орналасқан. Шипалы күшке ие кесене ХVІІ ғасырға тән. Қоянақ әулие туралы халық түрлі аңыздар мен емшілік қасиеттерін айтады, дегенмен тарих оқулықтарында ешқандай ақпараттар жоқ.

Мавзолей КОЯНАК аулие

в 18 километрах от сёл Шили и Шолаксай, между поселениями Карасу и Копа. Почти в 100 км от Караменды, между поселениями Карасу и Копа находится могила святой Коянак аулие. В народе ходит много легенд и рассказов об этом месте, ее могила считается святым местом, имеющим целебную силу, и с ним связаны многочисленные истории исцеления больных людей. Считается, что тело захороненной здесь святой Коянак-аулие защищает местных жителей, приносит благосостояние и процветание. Множество приезжающих сюда людей верят, что молебен у мавзолея поможет им справиться с болезнями, трудностями и принесѐт удачу. Переночевав хоть одну ночь в доме, можно исцелиться от недугов. Неудивительно, что просьбы людей исполняются, видимо, секрет этого места может быть в том, что здесь человек обретает гармонию души. Коянак Жолшаракызы происходила от рода Уак, от корней Курай. Ее отец Жолшара и дед Тастемир были также святыми людьми, умели предсказывать судьбоносные события и исцелять страждущих, и этот дар передался по наследству Коянак аулие. Коянак аулие вышла замуж за уроженца Наурзумского района, родила шестерых детей, сейчас их дети, внуки и правнуки живут по всему Казахстану. Но каждый из них считает своим долгом приезжать на могилу святой, чтобы прочесть Коран. Коянак аулие могла тягаться с силами природы, двигать тучи, утихомирить бураны. Легенда гласит: когда будущий муж Коянак аулие отправился с друзьями, родственниками в аул невесты, чтобы забрать ее, он заблудился. Окончательно заблудившись и изголодавшись в степи, вдруг вдали они увидели захоронение. У одного из камней была расстелена скатерть с едой, когда путники насытилась, скатерть исчезла на глазах, а за памятным камнем, явно виделась дорога. Так Коянак помогла жениху найти к ней дорогу. Потомки Коянак аулие построили над ее могилой современный мавзолей. Архитектором нового мавзолея является наш земляк - Батырхан Кайрбеков.


Үмбетей батыр Бәйсейітұлы кесенесі

Нысан мерзімі: 2007 жыл.Нысанның орналасқан жері: Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде.Арғын руынан шыққан Үмбетей батыр (1717-1814) – туған жерінің бостандығы үшін күресіп тарихқа есімі енген тұлға.  Бозбала 1726-шы жылы «Шұбар көл» шайқасында «Мың бала» құрамында алғаш жорыққа шыққан. «Бұланты», «Аңырақай» шайқастарында шынығып ер жетті.  Үмбетей батыр соңынан көптеген ұрпақ қалдырды. Оның ең танымал ұрпағы – көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы.  Үмбетей батырдың жерленген жерінде1960 жылы көктас қойылды, ал 2007-ші жылы кесене көтерілді.

Мавзолей батыра Умбетея Байсеитулы

Датировка объекта: 2007 год.Местонахождение объекта: Наурзумский район, в 26 километрах к югу от села Караменды.Умбетей батыр (1717-1814) – выходец из рода аргынов, остался в памяти народа как борец за свободу и независимость родной земли. Первым походом отважного юноши-воина было сражение против джунгар в составе легендарного войска «Мың бала» у озера Шубар в 1726 году. Закалился и возмужал батыр в Булантинской и Аныракайской битвах. После себя Умбетей батыр оставил многочисленное  потомство. Самым известным его потомком является выдающийся ученый, общественный деятель Ахмет Байтурсынов. На месте захоронения Умбетея батыра в 1960-х годах был установлен памятный камень, а в 2007 году возведен мавзолей.


Мәтен батыр Баяндыұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: XIX ғасыр. Нысанның орналасқан жері: Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылынан батысқа қарай 14 шақырым жерде.Мәтен батыр Баяндыұлы (1805-1876) қазақ ауылдарын Еділ қалмақтары  шабуылдарынан қорғап, көптеген қақтығыстарда аты шыққан әруақты батырлардың  қатарынан.   Аңыздар бойынша гүрілдеген даусы жер жарып, тай шаптырым жерге жететін алып денелі зор кісі болса керек. Халық арасында Мәтен батыр ерекше құрметтелді. Батыр атанған  ата шаңырағы Киелі саналған. Алыс, қауіпті, даулы сапарларға, жорыққа шығып бара жатқан жандар сол шаңыраққа соғып, дәм ауыз тиіп, бата тілейді екен. Әруақты дейтіні батасы да қарғысы да қабыл болған екен.

Место захоронения батыра Матена Баяндыулы

Датировка объекта: XIX  век.Местонахождение объекта: Наурзумский район, в 14 километрах к западу от села Караменды.Батыр Матен Баяндыулы (1805-1876) получил известность в боях, защищая родные земли от набегов заволжских калмыков. По легендам, это был человек богатырского телосложения с довольно громким голосом.  В народе Матена батыра особо уважали. Перед дальними опасными походами и поездками, связанными со спорными вопросами, люди обязательно посещали юрту батыра, считая его шанырак священным. Каждый хотел получить его благословение. Считалось, что сбывались как благопожелания Матен батыра, так и проклятия.

Мы в социальный сетях