
2025 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің қызметкерлері ауыл балаларына арналған «Балалық шақтың ашық түстері» атты жарқын әрі есте қаларлық ойын алаңы ұйымдастырды. Бұл мереке нағыз шаттыққа, күлкі мен қуанышқа толы балалық шақтың көрінісі болды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жүзінде шаттық күлкі сыйлап, достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта қалыптастыру. Кітапхана ішінде «Балаға базарлық» атты түрлі-түсті кітап көрмесі жасақталып, балалар достық пен қиял жайлы қызықты кітаптарды қызығушылықпен тамашалады.
Ашық аспан астында өткен сан алуан қызықты ойындар мен жарыстарда балалар белсенділік танытып, өз тапқырлығы мен ептілігін көрсете білді. Танымдық викториналар, көңілді қойылымдар мен түрлі ойындар балалардың ерекше қызығушылығын оятты.
Мерекелік шараның соңында балаларға тәтті сыйлықтар үлестіріліп, олардың жүзінен шаттық нұры байқалды. Бұл күннің ең үлкен марапаты – балалардың жарқын күлкісі мен қуанышқа толы жанары болды.
1 июня 2025 года в честь Международного дня защиты детей сотрудники Шолаксайской сельской библиотеки и Дома культуры провели для ребят яркую и запоминающуюся игротеку под названием «Яркие краски детства». Это был настоящий детский праздник, наполненный радостью, смехом и хорошим настроением.
Основной целью мероприятия стало — подарить детям улыбки, укрепить дружбу и взаимопонимание, а также создать условия для раскрытия их творческих способностей. В библиотеке была оформлена красочная книжная выставка под названием «Подарок для ребёнка», где дети с интересом рассматривали книги о фантазии и дружбе.
На свежем воздухе прошли различные увлекательные игры и соревнования, где дети проявили активность, смекалку и ловкость. Познавательные викторины, весёлые сценки и игры вызвали особый интерес у маленьких участников.
Разумеется, какой праздник без сладостей — всем детям были вручены сладкие подарки. Тёплая, искренняя и радостная атмосфера мероприятия оставила яркие впечатления, а счастливые глаза и звонкий смех детей стали наивысшей наградой для организаторов.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|