Главная » Архив материалов


Шолақсай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Елтаңба, Ту, Әнұран – біз оларды қастерлейміз" атты танымдық сабақ өтті. Шараға жазғы мектеп жанындағы лагердің балалары қатысты. Шараның мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау және олардың мән-мағынасын терең түсіндіру. Балалар мемлекеттік рәміздердің тарихымен танысып, олардың авторлары мен мағынасы жайлы мол мағлұмат алды. Әсіресе Тудың түсіне ерекше назар аударылды: көк түс – бейбітшілік пен ашық аспанды, алтын күн мен өрнек – молшылық пен берекені, қыран құс – тәуелсіздік пен еркіндікті білдіретіні айтылды. Сабақ соңында викторина ұйым ... Читать дальше »

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 04.06.2025 | Комментарии (0)


4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аудандық орталық кітапханасында «Ту, Елтаңба, Әнұран – кеңдіктің, бейбітшілік пен үміттің нышаны» тақырыбында Науырзым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен, «Аманат» партиясы Науырзым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Тасанова Ж.С. қатысуымен танымдылық сағат өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы туралы бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. 

4 июня в День государственных символов Республики Казахстан в центральной районной библиотеке прошел познавательный час, на тему «Ту, Елтаңба, Әнұран – кеңдіктің, бейбітшілік пен үміттің нышаны», с участием сотрудников Наурзум ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 04.06.2025 | Комментарии (0)


4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай Раздольный жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ауылдық кітапханада «Отанымыздың рәміздері – менің мақтанышым» атты патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді дарыту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыр. Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын түсіндіру. Кітапхана қызметкері балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсіндіріп, олардың шығу тарихына шолу жасады. Балалар көк Туымыздағы бейнелердің мағынасын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Оқушылар Ту туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, ба ... Читать дальше »

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылдың 2 маусымында «IQostanay» оқушылар сарайында ІІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ІІ дәрежелі дипломына Дәмді ауылдық кітапханасының оқырманы Байтасова Балжан Нургалиевна,  ІІІ дәрежелі дипломына Науырзым жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сәлімгерей Жансая ие болды, Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы және директоры  Таскумбаева Бийнегуль Тулетайқызы Алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
#ОқыЖәнеЖең

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің қызметкерлері ауыл балаларына арналған «Балалық шақтың ашық түстері» атты жарқын әрі есте қаларлық ойын алаңы ұйымдастырды. Бұл мереке нағыз шаттыққа, күлкі мен қуанышқа толы балалық шақтың көрінісі болды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жүзінде шаттық күлкі сыйлап, достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта қалыптастыру. Кітапхана ішінде «Балаға базарлық» атты түрлі-түсті кітап көрмесі жасақталып, балалар достық пен қиял жайлы қызықты кітаптарды қызығушылықпен тамашалады.
Ашық аспан астында өткен сан алуан қызық ... Читать дальше »

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылдың 1 маусымында Дәмді ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бүгінгі балалар – ертеңгі болашақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара ауыл балаларына шаттық пен ерекше көңіл-күй сыйлап, оларды қуанышқа бөледі.
Іс-шара барысында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз 2025 жылғы танымал трекке билеп, өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарын тәнті етті. Ер балалар мен қыз балалар арасында өткен жылдамдық пен тапқырлықты қажет ететін топтық ойындар қатысушыларға да, көрермендерге де ерекше әсер қалдырды.
Ауылдың ақсақалдары мен үлкендері жиналған жұртқа жүрекжарды тілектерін арнап, әр балаға шаттық пен жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік микс бағдарл ... Читать дальше »

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылғы 1 маусымда Раздольный ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл – балалардың шаттық пен күлкісіне толы ерекше күн.
Ауылдық алаңда өткен мерекелік шараға әртүрлі жастағы балалар мен олардың ата-аналары белсенді түрде қатысты. Балалар үшін қызықты ойындар, жарыстар мен зияткерлік викториналар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар мен естелік естеліктер табыс етілді. Әсем безендірілген алаңда балалар шаттанып ойнап, көңілді әндер шырқалды.
Бұл мерекелік күн бүлдіршіндерге қуаныш пен жарқын сәттер сыйлады. Ауыл тұрғындары мен ұйымдастырушылар балаларға деген мейірімін білдіре отырып, әр баланың бақытты балалы ... Читать дальше »

Просмотров: 12 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


31 мамыр — еліміздің тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі саналатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күнге орай Шолақсай ауылында ескерткіш маңында «Саяси зобалаң құрбандары» атты ақпараттық досье өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — жазықсыз жапа шеккен азаматтарды еске алып, сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы қайғылы оқиғаларды ұмытпау, келер ұрпақтың санасына тарихи шындықты сіңіру және өткенге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шараға Шолақсай ауылдық кітапханасының, мәдениет үйінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы қатысты. Қатысушыларға Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің ауқымы мен сол кезеңде жазықсыз жазаға ұшыраған тұ ... Читать дальше »

Просмотров: 21 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.06.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» атты тарих сағаты өтті. Іс-шара барысында рәміздердің пайда болуы, олардың тарихтағы орны мен маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Кітапхана қызметкерлері әрбір қазақстандықтың өз елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қадірлеп, мақтан тұтуы қажет екенін атап өтті. Шараның негізгі мақсаты — оқырмандарды еліміздің рәміздерін тереңірек тануға, оларды құрметтеуге үйрету және толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Көрмеге мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, авторларының өмірбаяны, сондай-ақ еліміз егемендік алғанға дейінгі тарихи рәміздерге қатысты әдебиеттер қойылды. Шара соңында қатысушылар арасында мемлекеттік рәміздерге байланысты б ... Читать дальше »

Просмотров: 22 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.06.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында тарихи экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — Алаш партиясының тарихын, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жайлы мағлұмат беру, сондай-ақ халық жадына ұлт зиялыларын қайта салып, олардың ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Экскурсия барысында «Алаш» партиясының көрнекті өкілдері — Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин туралы деректер ұсынылды.
Шараға тұрақты оқырмандар қатысты. Кітап көрмесінде тақырыпқа сай әдеби ... Читать дальше »

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.06.2025 | Комментарии (0)

« 1 2 3 4 5 ... 178 179 »
Мы в социальный сетях