|
Науырзым ауылдық кітапханасында мектеп кітапханасымен бірігіп Ұлттық валюта күніне орай “Теңге тәуелсіздік келбеті” атты ақпараттық минут өткізілді. Шара барысында оқырмандарға төл теңгеміздің шығу тарихы, оның еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызы туралы ақпарар берілді. Сонымен қатар ұлттық валютамыздың тарихы мен ерекшеліктері таныстырылды . Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық валютамыз -теңгенің шығу тарихы мен қалыптасуы туралы мағлұмат беру. Теңгенін , еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық дамуының маңызды нышаны екенін түсіндіру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық валютаға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. |
|
Қазақтың көрнекті тарихшы ғалымы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын таныстыру, ғалымның Қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесін насихаттау, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту, ел тарихына деген құрметін арттыру мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Тарих ғылымының тарланы» атты танымдық сағат өткізілді.Шара барысында ғалымның 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келгені, білім жолы мен ғылыми қызметі туралы кеңінен мәлімет берілді. Оның Қазақстан тарихын зерттеудегі еңбектері, Ұлы Отан соғысы тарихын зерделеуге, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тақырыптарын зерттеуге қосқан үлесі атап өтілді. |
|
Науырзым аудандық кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Мемлекеттік қызметші – озық ойлы, білімді тұлға» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен интерактивті викторина өткізді. Іс-шараның басты мақсаты «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу мәдениетін дамытуға, халықтың сыни және талдамалық ойлауын арттыру, қоғамда кітап оқу мәдениетін жаңғырту бағыталған. |
|
Раздольный ауылдық кітапханасында Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Теңге тарихы – ел тарихы» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл әкімшілігінің ұжымы қатысты. |
|
Раздольный ауылдық кітапханасында «Науырзым қорығы – қазақ даласының қазынасы» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен өлкетану серуені ұйымдастырылды. |
|
Туған жердің тыныштығы мен тазалығын сақтау — әрбір саналы азаматтың басты парызы. Осы орайда Науырзым аудандық кітапханасымен мәдениет үйі бірлесіп Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылар арасында құқықтық мәдениетті арттырып, ортақ мүлікті қорғауға бағытталған «Вандализм — көше қасіреті» атты танымдық ақпараттық сағат өткізді. |
|
«Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында Науырзым орталық кітапханасы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларымен «Жолды таңда, кітапты тап» атты викторина өткізді. Шара барысында аталмыш жобаның маңыздылығы аталып өтіліп, Науырзым аудандық кітапханасында ұйымдастырылған «Кітап оқитын ұлт» кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханада өткен бұл викториналық сайыс жас оқырмандардың білімін пысықтап қана қоймай, олардың кітапханамен байланысын нығайта түсті. |
|
2026 жылғы 6 қарашада Науырзым орталық аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бірге оқиық» әдеби акциясына қатысты. Акция аясында жазушының үш шығармасын бір мезгілде оқу ұйымдастырылды: |
|
Науырзым аудандық орталық кітапханасы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» атты тәрбие сағатын өткізді. Шараға Науырзым ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы М.Н. Какимжанов қатысып, оқушыларға маңызды кеңестер берді. Қатысушылар «Құқық па, әлде міндет пе?» интерактивті ойынына қатысып, күнделікті өмірдегі әр түрлі жағдаяттарды талқылады және заң мен тәртіптің маңызы түсіндірілді. Заңды білу және оны сақтау — әр азаматтың басты міндеті! Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. |
|
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, көрнекті педагог әрі жазушысы Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханада «Ыбырайдың әдеби мұрасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кеш барысында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолымен, қазақ даласында білім беру мен ағарту ісін дамытуға қосқан зор үлесімен танысты. Әсіресе, оның тағылымдық мәні зор әңгімелері мен тәрбиелік маңызы жоғары шығармаларына ерекше назар аударылды. |









