
2025 жылдың 1 маусымында Дәмді ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бүгінгі балалар – ертеңгі болашақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара ауыл балаларына шаттық пен ерекше көңіл-күй сыйлап, оларды қуанышқа бөледі.
Іс-шара барысында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз 2025 жылғы танымал трекке билеп, өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарын тәнті етті. Ер балалар мен қыз балалар арасында өткен жылдамдық пен тапқырлықты қажет ететін топтық ойындар қатысушыларға да, көрермендерге де ерекше әсер қалдырды.
Ауылдың ақсақалдары мен үлкендері жиналған жұртқа жүрекжарды тілектерін арнап, әр балаға шаттық пен жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік микс бағдарламасы аясында:
– «Көңілді шеңбер»,
– «Кім шапшаң?»
– «Тапқыр балапан» (логикалық сұрақтар) секілді ойындар ойнатылды.
Шығармашылық бөлімінде балалар сурет салып, өз қиялдарын қағазға түсірді. Мереке соңында балалар барлығымен бірге флешмоб би билеп, шаттыққа кенелді.
1 июня 2025 года в Дамдинской сельской библиотеке состоялось праздничное мероприятие под названием «Бүгінгі балалар – ертеңгі болашақ», посвящённое Международному дню защиты детей. Праздник был организован для того, чтобы подарить детям радость, веселье и незабываемые эмоции.
Во время мероприятия были проведены интересные игры и конкурсы. Маленькие участники продемонстрировали свои таланты, исполнив танец под популярный трек 2025 года, чем вызвали умиление и гордость у своих родителей. Между мальчиками и девочками прошли весёлые командные соревнования, требующие ловкости и сообразительности.
Старейшины села обратились к собравшимся с теплыми словами и пожелали детям счастливого детства и светлого будущего.
В рамках праздничного микса были проведены:
– игра «Весёлый круг»,
– эстафета «Кто быстрее?»,
– викторина «Сообразительный птенец» (логические вопросы).
В творческой части мероприятия дети рисовали, выражая свою фантазию через яркие краски. Также прошёл флешмоб, в котором дети танцевали в группах.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|