Науырзым аудандық балалар кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым — ертеңге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды және тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандары туралы мәліметтерді қамтиды. Онда қуғын-сүргінге ұшыраған, еліне деген адалдығы мен ерік-жігерін сақтап қалған адамдар жайлы құжаттар мен материалдар жинақтары қойылған. Ко дню политических репрессий в Наурзумской районной детской библиотеке была организована книжная выставка «Тарихтан тағылым — ертеңге тағзым», посвященная Дню памяти жертв политических репрессий в Казахстане. Книжная выставка отражает трагически ... Читать дальше » |
Раздольный жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты еске алу дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ХХ ғасырдың ең қайғылы беттерінің бірі – саяси қуғын-сүргін жылдарын еске алды. Қуғын – халықтың еркіндігіне, ой еркіндігіне қарсы бағытталған қатігез саясаттың көрінісі екендігі айтылды. |
Шилі ауылдық кітапханасы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбымен ақпараттық сағат өткізді. |
Науырзым аудандық балалар кітапханасында 20-31 мамыр аралығында оқырмандар үшін «Денсаулық – зор байлық» атты денсаулық бұрышы көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда кез келген жастағы оқырман өзіне қызықты әрі пайдалы ақпарат таба алады. Көрмеде салауатты өмір салтының негізгі қағидалары, дұрыс тамақтану мен белсенді демалыс жайында жазылған әдебиеттер қойылған. |
Науырзым ауылдық кітапханасында «Жастар арасындағы нашақорлық» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы мәлімет беру, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын түсіндіру арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. |
Оқырмандардың назарын экологиялық мәселелерге және табиғи байлықтарды сақтау жолдарына аудару мақсатында кітапханада «Кітап арқылы экологияға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. С целью привлечения внимания читателей к экологическим проблемам и вопросам сохранения природных богатств в Наурзумской районной детской библиотеке оформлена книжная выставка «В экологию через книгу». |
Науырзым аудандық балалар кітапханасы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушыларымен «Табиғатпен жаны егіз» атты Серікбай Оспанұлы шығармашылығы бойынша әдеби кеш өткізді. |
Өлеңді ауылдық кітапханасында «Вандализм — заң, тәртіп» тақырыбында учаскелік полиция инспекторымен кездесу өтті. |
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шолақсай ауылдық Мәдениет үйінің, Дәрігерлік амбулатория мен кітапхана қызметкерлері Мәдениет үйінің алаңында шөп жұлу жұмысын өткізді. |
Мереке ауылдық кітапханасында көрнекті жазушы, қазақ халқының ұлы перзенті Ануар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме – тек шығармашылыққа ғана емес, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қаламгердің өнегелі өмір жолына тағзым. Әлемге танылған тұлғаның әдеби мұрасы жас ұрпаққа үлгі болып, оларды отансүйгіштікке, парасаттылыққа баулиды. Осы ретте, «Әлемге аян ұлы жазушы» атты кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. В сельской библиотеке села Мереке была организована книжная выставка, посвящённая 95-летию со дня рождения выдающегося писателя, великого сына казахского народа – Ануара Алимжанова. Эта выставка — не только дань памяти талантливому литератору ... Читать дальше » |