|
Шилі ауылдық кітапханасы «Семей қасіреті» тақырыбымен тарихи алаң ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандардың бойында патриотизм мен тарихи зердені қалыптастыру, Семей полигонының тарихымен және оның Қазақстан халқына әкелген зардаптарын көрсету, өлкетану және тарихи әдебиеттерге деген қызығушылықты арттыру. Шара барысында Семей ядролық сынақ полигоны - бұрынғы КСРО-ның ең ірі әрі алғашқы ядролық қаруды сынайтын алаң 1949 жылы ашылып, 1991 жылы 29 тамызда ресми түрде жабылғаны айтылды .Осы уақыт ішінде өңірде 460-тан астам ядролық жарылыс жасалып, жарты миллионнан астам адам радиация зардабын шеккені туралы кеңірек ақпарат берілді. Қатысушылар «Семей қасіреті», «Қазақстанның ядролық қасіреті» сияқты та ... Читать дальше » |
|
Шолақсай ауылдық кітапханасында әйелдер клубы «Виктория» мүшелерінің қатысуымен «Пришел Яблочный спас и собрал сегодня нас» атты әдеби отырыс ұйымдастырылды. Кездесу халық арасында кеңінен атап өтілетін Алма Спасы мерекесіне арналды. Шара барысында қатысушылар мерекенің тарихы мен дәстүрлерімен танысып, халықтық салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдарды еске түсірді. Көңілді ойындар ойнатылып, қызықты жұмбақтар жасырылып, әзілге толы тақпақтар мен частушкалар айтылды. Кездесу барысында жылы әңгіме-дүкен құрылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен жақсы әсерлерімен бөлісті. Мерекенің соңында дастархан жайылып, үй жағдайында дайындалған алма қосылған бәліштер, рулеттер, алма тосабы мен хош иісті компот ұсынылды. Шар ... Читать дальше » |
|
Денсаулық- бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар. Науырзым аудандық кітапханасында "Темекі тартпаған, денсаулықты сақтаған" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтау. |
|
Науырзым аудандық орталық кітапханасы Науырзым ауданының тумасы, ақын, қара сөз қаламгері, қоғам белсендісі Тілеуғабылтегі Жанбыршы Тұқатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр қанаты жерлес ақын» тақырыбында кездесу кешін өткізді. |
|
«Танымал киелі орындар» жобасы аясында Шолақсай ауылы әкімдігі, мәдениет саласы және ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қасиетті Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенесіне саяхат жасады. Саяхат барысында Шолақсай ауылынан шамамен 18 шақырым қашықта орналасқан Қоянақ әулие кесенесіне бардық. Ел аузындағы әңгімелерде Қоянақ әулие халыққа жақсылық жасап, елге шипасы мен батасын тигізген қасиетті тұлға ретінде айтылады. Сондықтан бұл мекен жергілікті жұрт үшін рухани мәні зор, қадірлі орындардың бірі саналады. |
|
Аудандық балалар кітапханасында Науырзым АІІБ-нің полиция аға инспекторы Ауезхан Д. жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндіріп, еске салды. Осындай құқықтық бағыттағы әңгімелер балалардың түрлі жанжалды жағдайларда өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастырады. |
|
Аудандық балалар кітапханасында құқықтық мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін ашу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпастығына деген сенім қалыптастыру, құқықтық сана мен жауапкершілікті тәрбиелеу. |
|
Раздольный ауылдық кітапханасында «Ә. Бөкейхан – мемлекет және қоғам қайраткері» атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрмеге Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, ел тарихындағы орны туралы кітаптар мен әдебиеттер қойылды. |
|
Науырзым аудандық орталық кітапханасы Науырзым ауданының тумасы, ақын, қара сөз қаламгері, қоғам белсендісі Тілеуғабылтегі Жанбыршы Тұқатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр қанаты жерлес ақын» тақырыбында кездесу кешін өткізді. |
|
Науырзым аудандық орталық кітапханасында Науырзым ауданының тумасы, ақын, қара сөз қаламгері, қоғам белсендісі Тілеуғабылтегі Жанбыршы Тұқатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Туған елдің тау тұлғалы ағасы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. |








