
31 мамыр — еліміздің тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі саналатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күнге орай Шолақсай ауылында ескерткіш маңында «Саяси зобалаң құрбандары» атты ақпараттық досье өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — жазықсыз жапа шеккен азаматтарды еске алып, сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы қайғылы оқиғаларды ұмытпау, келер ұрпақтың санасына тарихи шындықты сіңіру және өткенге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шараға Шолақсай ауылдық кітапханасының, мәдениет үйінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы қатысты. Қатысушыларға Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің ауқымы мен сол кезеңде жазықсыз жазаға ұшыраған тұлғалардың өмірі жайлы тарихи деректер ұсынылды. Сонымен қатар, куәгерлердің естеліктерінен үзінділер оқылып, қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
31 мая — День памяти жертв политических репрессий, ставший напоминанием о трагических страницах истории нашей страны. В этот день у памятника в селе Шолаксай прошло информационное досье под названием «Саяси зобалаң құрбандары».
Основная цель мероприятия — почтить память безвинно пострадавших граждан, сохранить в сознании потомков трагедию сталинских репрессий, донести историческую правду до молодого поколения и воспитывать уважение к прошлому.
В мероприятии приняли участие сотрудники Шолаксайской сельской библиотеки, дома культуры, учителя школы и главный специалист аппарата акима сельского округа. Участникам были представлены данные о масштабах политических репрессий в Казахстане, судьбах несправедливо осуждённых личностей, зачитаны отрывки из воспоминаний очевидцев. Минутой молчания почтили память погибших.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|