Главная » 2025 » Август » 29


25 тамыз 2025 жылы Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы О. Бірмағанбетов және Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Б. Таскумбаева жұмыс сапарымен Шилі және Шолақсай ауылдарына барды.
Сапар барысында кітапханалардың қызметімен, материалдық-техникалық жағдайымен және оқырмандарға көрсетілетін қызмет сапасымен танысты. Кітапханашылармен пікір алмасып, алдағы жоспарлар мен ұсыныстар талқыланды.
 
25 августа 2025 года начальник отдела культуры и развития языков Наурзумского района О. Бирмаганбетов и директор Наурзумской районной централизованной библиотечной системы Б. Таскумбаева с рабочим визитом посетили села Шили и Шолаксай.
В ходе визита они о ... Читать дальше »

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – аппақ үміт, асқақ мақсат» атты ақпараттық-құқықтық экспресс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқырмандарға Ата Заңымыздың маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балаларға Конституцияның негізгі баптары туралы мағлұмат беріліп, сұрақ-жауаптар жүргізілді.

В Наурзумской районной детской библиотеке в честь Дня Конституции Республики Казахстан был организован информационно-правовой экспресс «Ата Заң – аппақ үміт, асқақ мақсат».
Цель мероприятия – объяснить детям значение Осно ... Читать дальше »

Просмотров: 41 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясына күніне орай жас оқырмандарға арналған  «Заңды білсек — құқымызды қорғай аламыз» атты танымдық информинутка өтті.
 Іс-шараның мақсаты – балаларға Конституция негіздерін таныстыру, құқық пен міндет ұғымдарын түсіндіру, заңға құрметпен қарауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Шара барысында балалар сұрақ қойып, ой бөлісіп, жағдаяттық ойындарға белсенді қатысты. Әңгіме қызу да қызықты өтті: жас оқырмандар құқық пен міндетті ажыратуды үйреніп, өз ойларын ашық айтты.Осындай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттырады.

В Шолаксайской сельско ... Читать дальше »

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай оқырмандардың Ата Заң туралы білімдерін кеңейту, оны құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Конституция – Мәңгілік елдің тұғыры» атты құқықтық викторина ұйымдастырды.
Шара барысында Конституцияның қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері туралы мағлұмат беріліп, еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын мемлекеттік рәміздер, жеке адамның құқықтары мен міндеттері жөніндегі сұрақтар қамтылған викторина өткізілді.

Шилинская сельская библиотека в честь 30-летия Конституции Республики Казахстан, с целью расширения знаний читателей о Основном законе страны, воспитания уважения к нему и формирования патр ... Читать дальше »

Просмотров: 34 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылының әкімдік, кітапхана және Мәдениет үйі қызметкерлері өңіріміздің қасиетті орындарының бірі – Қоянақ әулие кесенесіне «Киелі жерге саяхат» атты саяхат жасап қайтты. 
Сапардың мақсаты – жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулу, қасиетті орындарға құрмет сезімін қалыптастыру және тарихи мұрамызды дәріптеу.
Әулие басына барған жұртшылық аумақты тазалап, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Тазалықтан соң жиналғандар әулие зиратына барып, Құран бағыштап, Қоянақ ана туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерді еске алды. 
Қасиетті Қоянақ әулие — адамдарды емдеп, шипа дарытқан қасиетімен ел есінде қалған әулие ана. Сол себепті жыл сайын мұнда талай жан келіп, құрбандық шалы ... Читать дальше »

Просмотров: 51 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында
«Конституция – тұрақтылықтың кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының бірлігін дәріптеу.

В Мерекенской сельской библиотеке была организована книжная выставка «Конституция – залог стабильности».
Цель мероприятия: ознакомить с Конституцией Республики Казахстан и другими правовыми документами, сформировать высокую ответственность перед обществом, патриотизм и укрепить единство граждан Казахстана.

Просмотров: 48 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында «Ата Заң – мемлекеттің негізі» атты құқықтық подиум өтті.
Мақсаты – оқырмандардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет туралы ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу, ҚР Конституциясын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру дегеніміздің өзі еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлауға және орындауға, әдептілік пен тәртіптілікке үйрету екені айтылды.
Шара барысында кітапханашы азаматтық қоғамның өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеуші, басқарушы – адам екенін түсіндірді. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет және олардың ... Читать дальше »

Просмотров: 44 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында Алаштың ардақты перзенті, көрнекті қайраткер Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай  «Руханият жанашыры» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. 
Іс-шараның мақсаты – М. Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасына тереңірек үңілу, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін жетілдіру, еркін ойларын жүйелі жеткізе білуге баулу болды. Әдеби кеш барысында қатысушылар жазушының тағылымды еңбектерімен танысып қана қоймай, оның рухани мұрасының бүгінгі күнмен сабақтастығын да сезінді.

В Мерекенской сельской библиотеке к 140-летию со дня рождения выдающегося деятеля партии Алаш, общественного деятеля и писателя Миржакыпа Дулатова прошел литературный час &laqu ... Читать дальше »

Просмотров: 31 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасында ұлы ғалым, шығыстанушы, этнограф әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқанның ұлылығы» атты кітап көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – қазақтың ұлы перзентінің өмірі мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа үлгі ету. Көрмеге қойылған еңбектер Шоқанның жарқын ғұмырын, ғылыми ізденістерінің маңызды кезеңдерін айшықтап көрсетеді.
Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан өлшеусіз үлесі айрықша таныстырылды. Бұл еңбектер тек қазақ тарихының ғана емес, бүкіл түркі өркениетінің алтын қазынасына айналған.
Көрмеде қаламы қарымды жазушы Сәбит Мұқановтың әйгілі «Аққан жұлдыз» романы да орын алды. Б ... Читать дальше »

Просмотров: 79 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында  қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Өлеңім – өмірімнің айнасы» атты өнер сағаты өтті. Шараның мақсаты – оқырмандарды сазгердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның әндерінің құдіретін сезіндіру.
Шара барысында Еркінбай Әкімқұловтың «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы» кітабына да шолу жасалды. Бұл еңбекте сазгердің өмір жолы, қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі мен жүректерге жеткен әндерінің тарихы кеңінен баяндалады.
Кітапхана оқырмандары сүйікті әндерді бірге орындап, жүрекке жақын әуендерге шомды. Әнмен өрілген әдемі кеш көпшілікті рухани қуатқа бөледі.

В Шолаксайской сельской библиотеке к 95-ле ... Читать дальше »

Просмотров: 29 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Денсаулық немесе темекі» атты көрме-ескерту ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттердің, әсіресе темекі шегудің адам денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру. Іс-шара барысында арнайы әдебиеттер, мақалалар, суреттер мен деректер ұсынылып, темекінің тыныс алу жүйесіне, жүрек-қан тамырларына, жалпы ағзаға келтіретін зиянды әсерлері туралы мәлімет берілді.
Кітапханашы балаларға темекіден бас тартудың пайдасын, спортпен шұғылданудың, таза ауада серуендеудің маңызын айтып, оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

В Наурзумской районной детской библиотеке была организована выставка-преду ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.08.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях