
Шолақсай ауылының әкімдік, кітапхана және Мәдениет үйі қызметкерлері өңіріміздің қасиетті орындарының бірі – Қоянақ әулие кесенесіне «Киелі жерге саяхат» атты саяхат жасап қайтты.
Сапардың мақсаты – жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулу, қасиетті орындарға құрмет сезімін қалыптастыру және тарихи мұрамызды дәріптеу.
Әулие басына барған жұртшылық аумақты тазалап, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Тазалықтан соң жиналғандар әулие зиратына барып, Құран бағыштап, Қоянақ ана туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерді еске алды.
Қасиетті Қоянақ әулие — адамдарды емдеп, шипа дарытқан қасиетімен ел есінде қалған әулие ана. Сол себепті жыл сайын мұнда талай жан келіп, құрбандық шалып, түнеп, дұға етеді.
Бұл сапар біз үшін тек еңбек пен тазалық қана емес, халқымыздың рухани құндылықтарына деген тағзым болды.
Сотрудники Шолаксайского акимата, библиотеки и Дома культуры Наурзумского района организовали экскурсию «Киелі жерге саяхат» к одному из сакральных мест родного края – мавзолею Коянақ әулие.
Цель мероприятия – приобщение к духовным и историческим ценностям родного края, сохранение памяти о святых местах и воспитание уважения к национальным традициям.
На территории святого места был проведён субботник, в ходе которого участники благоустроили прилегающую территорию. После общей работы собравшиеся прочли намаз у захоронения святой, вспомнили её жизненный путь и чудесные предания, связанные с её именем.
Эта поездка стала для нас не только трудом на благо, но и духовным прикосновением к вечным ценностям нашего народа.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|