Главная » 2025 » Август » 29 » «Ата Заң – мемлекеттің негізі» құқықтық подиум
18:02
 «Ата Заң – мемлекеттің негізі» құқықтық подиум


Науырзым ауылдық кітапханасында «Ата Заң – мемлекеттің негізі» атты құқықтық подиум өтті.
Мақсаты – оқырмандардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет туралы ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу, ҚР Конституциясын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру дегеніміздің өзі еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлауға және орындауға, әдептілік пен тәртіптілікке үйрету екені айтылды.
Шара барысында кітапханашы азаматтық қоғамның өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеуші, басқарушы – адам екенін түсіндірді. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет және олардың арақатынасы – азаматтық қоғамның элементтері.
Қазақ қоғамының ХХ ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтылды. 1995 жылғы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституция қабылданды. Сондай-ақ, кездесуде тақырып бойынша кітап көрмесі таныстырылды.

В Наурзумской сельской библиотеке прошёл правовой подиум на тему «Ата Заң – мемлекеттің негізі».
Цель – научить различать сходства и различия понятий гражданского общества и правового государства, изучать и уважать Конституцию Республики Казахстан.
30 августа 1995 года была принята наша Конституция. В ходе мероприятия было отмечено, что молодое поколение должно уважать и соблюдать законы и правила порядка нашей страны, приучать себя к дисциплине.
В структуру гражданского общества входит человек, который создаёт, регулирует и управляет обществом согласно своим интересам и целям.
«Республика Казахстан утверждается как демократическое, светское, правовое и социальное государство; его самое драгоценное сокровище – это человек, его жизнь, права и свободы».
Также была оформлена книжная выставка по теме.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях