Главная » 2025 » Август » 29 » «Өлеңім – өмірімнің айнасы» өнер сағаты
17:36
 «Өлеңім – өмірімнің айнасы» өнер сағаты


Шолақсай ауылдық кітапханасында  қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Өлеңім – өмірімнің айнасы» атты өнер сағаты өтті. Шараның мақсаты – оқырмандарды сазгердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның әндерінің құдіретін сезіндіру.
Шара барысында Еркінбай Әкімқұловтың «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы» кітабына да шолу жасалды. Бұл еңбекте сазгердің өмір жолы, қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі мен жүректерге жеткен әндерінің тарихы кеңінен баяндалады.
Кітапхана оқырмандары сүйікті әндерді бірге орындап, жүрекке жақын әуендерге шомды. Әнмен өрілген әдемі кеш көпшілікті рухани қуатқа бөледі.

В Шолаксайской сельской библиотеке к 95-летию великого казахского композитора Шамши Қалдаякова прошёл час искусства «Өлеңім – өмірімнің айнасы». 
Цель мероприятия – познакомить читателей с жизнью и творчеством композитора, показать значимость его песенного наследия.
В ходе мероприятия был представлен обзор книги Еркінбая Әкімқұлова «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы». В издании подробно раскрывается жизненный путь композитора, его неоценимый вклад в развитие казахской музыки и история создания его любимых народом песен.
Читатели вместе исполняли песни Шамши, наполняя зал теплом и музыкой. Вечер стал настоящим праздником души и искусства.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 29 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях