Главная » 2025 » Август » 29 » «Шоқанның ұлылығы» кітап көрмесі
18:00
 «Шоқанның ұлылығы» кітап көрмесі


Шилі ауылдық кітапханасында ұлы ғалым, шығыстанушы, этнограф әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқанның ұлылығы» атты кітап көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – қазақтың ұлы перзентінің өмірі мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа үлгі ету. Көрмеге қойылған еңбектер Шоқанның жарқын ғұмырын, ғылыми ізденістерінің маңызды кезеңдерін айшықтап көрсетеді.
Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан өлшеусіз үлесі айрықша таныстырылды. Бұл еңбектер тек қазақ тарихының ғана емес, бүкіл түркі өркениетінің алтын қазынасына айналған.
Көрмеде қаламы қарымды жазушы Сәбит Мұқановтың әйгілі «Аққан жұлдыз» романы да орын алды. Бұл шығарма – Шоқанның тағдырын, ғалымдық жолын көркем тілмен бейнелеген бірегей туынды.
Шоқан Уәлихановтың мұрасын оқу, зерделеу – өткенді бағалау ғана емес, болашағымызды айқындаудың да басты кілті.

К 190-летию со дня рождения великого казахского ученого, востоковеда, этнографа и просветителя Чокана Валиханова Шилинская сельская библиотека представила книжную выставку «Величие Шокана».
Цель выставки – познакомить читателей с жизнью и богатым научным наследием ученого. Экспозиция включает издания, отражающие вклад Валиханова в изучение истории и культуры народов Центральной Азии и Казахстана, а также книги, раскрывающие масштаб его личности и значимость его трудов для развития отечественной науки и культуры.
Особое место на выставке занимает знаменитый роман казахского писателя Сабита Муканова «Промелькнувший метеор» («Аққан жұлдыз»), посвященный жизни и творчеству Чокана.
Наследие Чокана Валиханова – это достояние не только казахского народа, но и всего тюркского мира. Его труды продолжают вдохновлять новое поколение исследователей, помогая осмыслить прошлое и определить путь в будущее.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 78 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях