Главная » 2025 » Май » 27 » «Зобалаң жылдар жаңғырығы» дөңгелек үстелі
12:21
 «Зобалаң жылдар жаңғырығы» дөңгелек үстелі


Раздольный жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты еске алу дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ХХ ғасырдың ең қайғылы беттерінің бірі – саяси қуғын-сүргін жылдарын еске алды. Қуғын – халықтың еркіндігіне, ой еркіндігіне қарсы бағытталған қатігез саясаттың көрінісі екендігі айтылды.
Шарада 1930-1950 жылдар аралығындағы қуғын-сүргіннің ауыр салдарына ерекше тоқталынды. Мыңдаған жазықсыз жандар «халық жауы» деген жалған айыппен түрмеге қамалып, атып өлтіріліп немесе жер аударылды. Сталиндік репрессия жылдарында Алаш арыстары – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сынды ұлт зиялыларының жазықсыз жапа шеккені айтылып, олардың ерен еңбегі мен қайраткерлігі туралы баяндалды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар тарихи шындыққа терең үңіліп, тағылымды ой түйді. Жазықсыз жандардың рухына тағзым етіп, олардың құрбандығы ұмытылмайтыны туралы тебіреніспен ой бөлісті. Шара соңында жас ұрпақ тарихтан сабақ алып, мұндай зұлматтың енді қайталанбауы үшін өткенді білу мен есте сақтаудың маңыздылығын терең түсінгендерін жеткізді.

В средней школе села Раздольное состоялся круглый стол памяти под названием  «Зобалаң жылдар жаңғырығы» с участием старшеклассников. В ходе мероприятия участники вспомнили одну из самых трагичных страниц XX века — годы политических репрессий. Было отмечено, что репрессии стали проявлением жестокой политики, направленной против свободы народа и свободы мысли.
Особое внимание на встрече было уделено тяжёлым последствиям репрессий в период с 1930 по 1950 годы. Тысячи ни в чём не повинных людей были арестованы, расстреляны или сосланы по ложному обвинению в «враждебности народу». В годы сталинских репрессий несправедливо пострадали выдающиеся деятели казахского народа — Ахмет Байтурсынов, Мыржакып Дулатов, Жусупбек Аймауытов. Участникам мероприятия рассказали об их самоотверженном труде и борьбе за будущее своего народа.
Во время круглого стола учащиеся глубоко вникли в историческую правду, делились своими мыслями и впечатлениями. Они почтили память невинно пострадавших и выразили уверенность в том, что их жертва никогда не будет забыта. В завершение мероприятия молодёжь подчеркнула важность знания и сохранения исторической памяти ради того, чтобы подобные трагедии больше не повторились.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 29 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях