
Науырзым ауылдық кітапханасында «Жастар арасындағы нашақорлық» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы мәлімет беру, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын түсіндіру арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Түсіндірме барысында білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, интернетке тәуелділік және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жан-жақты талқыланды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Шара аясында жастарға арналған пайдалы әдебиеттер мен денсаулықты нығайтуға бағытталған ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы салауатты өмір салтына арналған кітаптармен таныстырып, жастарды еркін пікірталасқа шақырды.
В Наурзумской сельской библиотеке прошёл информационный час на тему «Наркомания среди молодежи». Цель мероприятия — предоставить информацию о вредных веществах, активно воздействующих на психику, объяснить их разрушительное влияние на организм и мотивировать подростков к ведению здорового образа жизни.
В ходе встречи были подробно рассмотрены тяжелые последствия употребления «курительных смесей» и «синтетических наркотиков», игромания, интернет-зависимость и профилактика правонарушений. Особое внимание было уделено предупреждению правонарушений среди несовершеннолетних. Участники активно делились своими мнениями и взглядами на проблему.
Также была организована тематическая выставка, посвящённая укреплению здоровья и отказу от вредных привычек. Библиотекарь представила книги о здоровом образе жизни и пригласила молодежь к открытому обсуждению.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|