Главная » 2026 » Март » 02


Науырзым аудандық орталық кітапханасында Дәулетова Назира Қожахметқызының 100 жылдық мерейтойына «Кітапхана ісінің ардақтысы: Назира Дәулетова» тұлғалық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, көрнекті мәдениет қайраткері Назира Қожахметқызының қызметі туралы материалдар ұсынылды. Іс-шара мақсаты: оқырмандарды Назира Дәулетованың кітапхана саласындағы еңбегімен, кәсіби жетістіктерімен және рухани мұрасымен таныстыру, кітапхана ісінің дамуына қосқан үлесін насихаттау.

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Ж. Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыл алыбы — Жамбыл» атты шығармашылық кеш өтті. Шараға ақын шығармашылығын сүйетін оқырмандар қатысты.
Шараның мақсаты — Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, оқырмандардың қазақ поэзиясына қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани мұраға құрмет сезімін қалыптастыру.
Кеш барысында кітапханашы қонақтарды ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды. Ақынның белгілі өлеңдері оқылып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.  Соңында ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

В Шолаксайской сельской библиотеке прошёл вечер творчества «Жыл алыбы — Жамбыл», посвящённый 180-летию ... Читать дальше »

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай
«Мың алғыс саған, кеңпейіл қазағым!» атты тарихи сағат ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның мақсаты – Алғыс айту күнінің тарихи мән-маңызын түсіндіру, қазақ халқының кеңпейілдігі мен қонақжайлығын дәріптеу, еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді насихаттау, жас ұрпақтың бойында ризашылық, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.Шара барысында кітапханашы мерекенің шығу тарихына тоқталып, 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғанын атап өтті.Қатысушылар қазақ халқының қилы кезеңдерде түрлі этнос өкілдеріне көрсеткен қамқорлығы мен бауырмалдығы туралы мәлімет алд ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Алғыс айту күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында «Алғыс картасы» атты скрапбукинг шеберлік сағаты өтті.
Шараның мақсаты — балалардың бойында алғыс айту сезімін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын арттыру.
«Қағаз қиялы» үйірмесінің қатысушылары кітапханашының жетекшілігімен түрлі-түсті қағаз, ватман және формиран арқылы алғыс картасын безендірді. Балалар жүрекшелерге анасына, әкесіне, туыстарына, мұғаліміне және өзге де жақын жандарына арнаған алғыс сөздерін жазды.
Шара жылы шығармашылық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Ко Дню благодарности в Шолаксайской сельской библиотеке прошёл маст ... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасы  «Құнды сөз — алғыс» атты мерекелік құттықтау лентасын ұйымдастырды.

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Науырзым аудандық орталық кітапханасы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай  "Мың алғыс саған, туған жер" тақырыбында Қараменді тұрғындары арасында акция өткізді.

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Алғыс айту күнін мерекелеу аясында аудандық балалар кітапханасында “Алғыс шекараны білмейді” атты ертеңгілік өткізілді. Балалар осы мерекенің тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, “Алғыс айту күні”бейнеролигін көрді. Іс-шара соңында балалар өздеріне ұсынылған шығармашылық тапсырмаға белсенді жауап берді: балалардың пікірінше, лайық адамдарға алғыс сөздерін жазып жақсы көңіл күйде аяқтады.
В рамках празднования Дня благодарности  в районной детской библиотеке провели утренник «Алғыс шекараны білмейді». Ребята узнали много нового и интересного об истории, традициях и обычаях этого праздника, просмотрели видео-ролик «День бла ... Читать дальше »

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында мектеп кітапханасымен бірігіп “Алғыс айту күнінің тарихы мен тағлымы “ атты іс шара өткізілді . Іс шара барысында оқушылар ата-анаға,ұстазға,достарға алғыстарын білдірді. Бұл мереке үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйретеді алғыс айту мәдениетін  қалыптастырады.

Просмотров: 8 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


1 Наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай Алғыс -жұректен жұрекке атты тақырыбында Раздольный ауылдық кітапханасында көрме  және тағылымды әрі жүрекке жылу сыйлаған іс-шара ұйымдастырылды. Шараға әкімшілік ұжымы, ауылдық полиция инспекторы және тұрақты оқырмандар қатысып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.
Кездесу барысында жиналған қауым ел тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпке үлес қосып жүрген қызметкерлерге, ауылдың өсіп-өркендеуіне еңбек сіңіріп жүрген азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді. Өз кезегінде кітапхана ұжымы да оқырмандарға деген ризашылығын жеткізіп, кітапқа деген құрмет пен достықты насихаттады.
Мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында қатысушыларға шағын тәтті сыйлықтар таратылып, жылы жүзді ... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях