
Алғыс айту күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында «Алғыс картасы» атты скрапбукинг шеберлік сағаты өтті.
Шараның мақсаты — балалардың бойында алғыс айту сезімін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын арттыру.
«Қағаз қиялы» үйірмесінің қатысушылары кітапханашының жетекшілігімен түрлі-түсті қағаз, ватман және формиран арқылы алғыс картасын безендірді. Балалар жүрекшелерге анасына, әкесіне, туыстарына, мұғаліміне және өзге де жақын жандарына арнаған алғыс сөздерін жазды.
Шара жылы шығармашылық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ко Дню благодарности в Шолаксайской сельской библиотеке прошёл мастер-класс по скрапбукингу «Карта благодарности» для участников кружка «Бумажная фантазия».
Цель мероприятия — воспитание у детей чувства благодарности, развитие творческих способностей и интереса к декоративно-прикладному искусству.
Под руководством библиотекаря дети из цветной бумаги, ватмана и формирана оформили яркую карту, украсив её сердечками с именами тех, кому хотели сказать спасибо — маме, папе, родным, учителю и другим близким людям.
Мероприятие прошло в тёплой творческой атмосфере и подарило детям радость совместного творчества.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|