
Өлеңді ауылдық кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай
«Мың алғыс саған, кеңпейіл қазағым!» атты тарихи сағат ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның мақсаты – Алғыс айту күнінің тарихи мән-маңызын түсіндіру, қазақ халқының кеңпейілдігі мен қонақжайлығын дәріптеу, еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді насихаттау, жас ұрпақтың бойында ризашылық, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.Шара барысында кітапханашы мерекенің шығу тарихына тоқталып, 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғанын атап өтті.Қатысушылар қазақ халқының қилы кезеңдерде түрлі этнос өкілдеріне көрсеткен қамқорлығы мен бауырмалдығы туралы мәлімет алды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|