Главная » 2026 » Март » 2 » Алғыс-жүректен жүрекке
11:14
 Алғыс-жүректен жүрекке


1 Наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай Алғыс -жұректен жұрекке атты тақырыбында Раздольный ауылдық кітапханасында көрме  және тағылымды әрі жүрекке жылу сыйлаған іс-шара ұйымдастырылды. Шараға әкімшілік ұжымы, ауылдық полиция инспекторы және тұрақты оқырмандар қатысып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.
Кездесу барысында жиналған қауым ел тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпке үлес қосып жүрген қызметкерлерге, ауылдың өсіп-өркендеуіне еңбек сіңіріп жүрген азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді. Өз кезегінде кітапхана ұжымы да оқырмандарға деген ризашылығын жеткізіп, кітапқа деген құрмет пен достықты насихаттады.
Мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында қатысушыларға шағын тәтті сыйлықтар таратылып, жылы жүзді жүздесу ұйымдастырылды. Іс-шара достық пен сыйластықты нығайтып, алғыс айту – адамдықтың асыл қасиеті екенін тағы бір мәрте айқындады.
Алғыс – жүректен шыққан ізгі сөз. Осындай игі бастамалар ауыл бірлігін арттырып, татулықты бекемдей береді


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях