Главная » 2026 » Февраль » 24


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған « Ел мен жер тағдыры» атты кітап көрмесі Раздольный ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – қаламгердің ел тағдыры, жер тағдыры, ұлттық рух пен тарихи әділдік тақырыбындағы шығармаларын насихаттау, оқырман қауымға жазушы мұрасын кеңінен таныстыру. Шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылық еңбектері таныстырылып, тарихи романдары мен повестері жайлы мазмұнды шолу жасалды.
Көрмеге жас мамандар мен мектеп оқушылары қатысып, қаламгердің кітаптарымен танысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін туындылары оқырмандардың ... Читать дальше »

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.02.2026 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында «Адалдық – елдің тірегі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық көрме өтті. Көрменің мақсаты – адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметі мен сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны туралы ақпараттар ұсынылды.

В Дамдинской сельской библиотеке прошла тематическая выставка антикоррупционной направленности «Адалдық елдің тірегі». Цель выставки – пропаганда ценностей честности и справедливости, повышение правовой грамотности читателей.
В ходе мероприятия была представлена информация о деятельности Агентст ... Читать дальше »

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.02.2026 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы халқымыздың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай  болып бағыт-бағдар сілтеген аса көрнекті ағартушы-педагог,жазушы,этнограф,фольклоршы,қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185жылдығына орай 
“Ұлы Даланың шамшырағы”атты әдеби-поэтикалық дегустация ұйымдастырды.
Оқырмандар ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылық мұрасымен кеңірек танысты.
Шара барысында балалар 
Ыбырайдың шығармашылық әлеміне саяхат жасап,балаларға жазылған әңгімелер ,ертегі мен өлеңдерімен танысты.
“Таза бұлақ”,”Мақта қыз бен мысық” және т.б.
Шараға қатысқан бүлдіршіндер баршамызға етене таныс,әрі ыстық “Кел ,балалар,оқылық!” ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.02.2026 | Комментарии (0)


Күләш Ахметова шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасын таныстыру арқылы оқырмандардың қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге баулу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Күләш Ахметова – қазақ әдебиетінің шоқтығы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.Шара барысында қатысушылар ақынның өмір жолымен және шығармашылық белестерімен танысып, сыршыл да сезімге толы жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері мен көркемдік қырлары талданып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.Әдеби сағат жас оқырмандарға рухани тағылым беріп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.02.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях