
Шилі ауылдық кітапханасы халқымыздың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт-бағдар сілтеген аса көрнекті ағартушы-педагог,жазушы,этнограф,фольклоршы,қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185жылдығына орай
“Ұлы Даланың шамшырағы”атты әдеби-поэтикалық дегустация ұйымдастырды.
Оқырмандар ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылық мұрасымен кеңірек танысты.
Шара барысында балалар
Ыбырайдың шығармашылық әлеміне саяхат жасап,балаларға жазылған әңгімелер ,ертегі мен өлеңдерімен танысты.
“Таза бұлақ”,”Мақта қыз бен мысық” және т.б.
Шараға қатысқан бүлдіршіндер баршамызға етене таныс,әрі ыстық “Кел ,балалар,оқылық!” атты өлеңін үлкен ынтамен жатқа оқып шықты.
Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де,жас жеткіншектерді білімге,өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы,бір кезде Ыбырай армандаған “өнер-білімі бар жұртқа”-терезесі тең,шаңырағы биік,мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес.
Қайта халқымен бірге жасасып,ұлы ағартушының арман-сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының қазіргі дәуірде жаңа мәнге ие болып,бүгін де бұдан бір ғасыр бұрыңғыдай:
“Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!”-деп өзінің тот баспас,мәңгі тозбас озық ниетімен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Шилинская сельская библиотека к 185-летию выдающегося педагога-просветителя,писателя,
этнографа,фольклориста,
общественного деятеля
Ыбырая Алтынсарина и с целью формирования чувства национальной гордости ,пробуждения интереса к жизни и творчеству Учителя нации провела литературно-поэтическую дегустацию
“Ұлы Даланың шамшырағы”.
В ходе мероприятия ребята окунулись в творческий мир Ыбырая ,познакомившись с произведениями,стихами и цитатами мудрости ,написанные для детей и раскрывают величайшее наследие Ы.Алтынсарина.
Были продекламированы поэтические произведения “Кел,балалар,оқылық!,
стихи,обсуждены рассказы “Мақта қыз”,”Таза бұлақ”и т.д.
Кульминация мероприятия состояла в звоне колокольчика,который был интерпретирован как степной колокол,который призывал детей к знаниям и просвящению.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|