10:53 | |
|
Күләш Ахметова шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасын таныстыру арқылы оқырмандардың қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге баулу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Күләш Ахметова – қазақ әдебиетінің шоқтығы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.Шара барысында қатысушылар ақынның өмір жолымен және шығармашылық белестерімен танысып, сыршыл да сезімге толы жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері мен көркемдік қырлары талданып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.Әдеби сағат жас оқырмандарға рухани тағылым беріп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсті. | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
