Главная » 2026 » Февраль » 24 » «Ел мен жер тағдыры»
17:35
 «Ел мен жер тағдыры»


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған « Ел мен жер тағдыры» атты кітап көрмесі Раздольный ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – қаламгердің ел тағдыры, жер тағдыры, ұлттық рух пен тарихи әділдік тақырыбындағы шығармаларын насихаттау, оқырман қауымға жазушы мұрасын кеңінен таныстыру. Шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылық еңбектері таныстырылып, тарихи романдары мен повестері жайлы мазмұнды шолу жасалды.
Көрмеге жас мамандар мен мектеп оқушылары қатысып, қаламгердің кітаптарымен танысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін туындылары оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында қатысушылар кітап көрмесін тамашалап, әдебиет арқылы ұлт тарихын танудың маңыздылығын атап өтті.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях