Науырзым аудандық кітапханасы Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш қайраткері- Міржақып Дулатұлы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Наурзумская районная библиотека к 140-летию со дня рождения выдающегося казахского просветителя, общественного деятеля, поэта, писателя Мыржакипа Дулатова оформила книжную выставку на тему «Алаш қайраткері-Мыржақып Дулатұлы».
Дәмді ауылдық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ұлы ақын – Абай» атты поэзия кеші өтті.
Шара барысында оқырмандар Абайдың өмір жолы, рухани-адамгершілік мұрасы туралы тың мағлұматтарға қанығып, оның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды. Жастар ақынның терең ойлы туындылары жайлы пікір алмасып, мән-мағынасына бойлады. Поэзия кешінің басты мақсаты – Абай даналығы арқылы жас ұрпақтың жүрегіне рухани тәрбие мен ізгілік ұрығын себу, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу болды.
В сельской библиотеке села Дамды прошёл поэтический вечер «Ұлы ақын – Абай», посвящённый творчеству великого казахского поэта
... Читать дальше »
Науырзым аудандық балалар кітапханасында ұлы дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 220 жыл толуына орай «Читайте Андерсена, дети! Так увлекают сказки эти» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы әдебиеттер, сондай-ақ жас ұрпақтың сүйікті ертегілері қойылған.
Бұл көрме жас оқырмандарға ертегілер патшасы – Г. Х. Андерсеннің ғажайып әлемін ашады!
В Наурзумской районной детской библиотеке оформлена книжная выставка, посвящённая 220-летию со дня рождения великого датского сказочника Ганса Христиана Андерсена «Читайте Андерсена, дети! Так увлекают сказки эти».
На выставке представлена литература о жизни и творчестве писателя, а
... Читать дальше »
26 шілде күні Науырзым ауданында тағылымды әрі терең мәні бар шара өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері, халық құрмет тұтқан азамат Есімтаев Қайырбек Есімтайұлының 100 жылдығына арналған «Әкеге тағзым» атты естелік кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың авторы – ұлағатты ұстаз, ұлт руханиятына жаны жақын, аяулы перзент – Бақытжамал Қайырбекқызы. Науырзым ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалінің, &la
... Читать дальше »
Раздольный ауылдық кітапханасында ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында «Абай – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ақынның шығармалары, қара сөздері, өмірі мен шығармашылығы жайлы танымдық кітаптар, мақалалар және фотосуреттер қойылды. Іс-шара жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасының маңызын терең түсінуге ықпал етті.
Кітап көрмесі барысында оқырмандар Абайдың өлмес өлеңдерімен және кемеңгер ойларымен танысып, ақынның тағылымды туындылары арқылы рухани азық ала алды.
В Раздольненской сельской библиотеке была организована книжная выставка под названием «Абай – яркая звезда
... Читать дальше »
Дәмді ауылдық кітапханасында «Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын – Міржақып Дулатұлы» атты әдеби сағат өткізілді.
Ұлттың бостандығы үшін күрескен, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, жалынды ақын – Міржақып Дулатұлы – қазақ руханиятының жарық жұлдызы. Шара барысында қатысушылар ақынның өнегелі өмір жолы мен елі үшін атқарған қызметі туралы тың мәліметтермен танысты.
Әдеби сағат фотосуреттер, ақынның кітап мұрасы және «Айқап» қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журналы беттерінде жарияланған материалдармен толықтырылды. Бұл қатысушыларға тарихи контексті тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Оян, қазақ!», «Туған ел» өлеңдерінен үзінділер оқылып
... Читать дальше »
Науырзым аудандық кітапханасы ауданның Мансап орталығымен «Ел болашағы – кітап сүйетін қоғамда!» атты кездесу өткізді.
Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы «100 кітап» акциясы аясында еліміздің рухани құндылықтарын насихаттайтын өздерінің үздік әдеби шығармаларына онлайн дауыс бере алатыны жайында айтылып өтті.
Наурзумская районная библиотека для Центра Мансап Наурзумского района провела встречу под названием «Ел болашағы – кітап сүйетін қоғамда!».
В ходе мероприятия участникам было рассказано, что граждане Республики Казахстан могут принять участие в акции «100 книг» и прогол
... Читать дальше »
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкері, «Алтысай» экологиялық паркінің директоры Алексей Тимошенко Науырзым аудандық орталық кітапхана жүйесіне «Қазақстанның дала жануарлары» және «Далалық қыран Кие» атты танымдық кітаптарды сыйға тартты. Бірінші кітап Қазақстан далаларында мекендейтін сүтқоректілермен таныстырып, адам әрекетінен туындайтын қауіптер жайлы баяндалып, табиғат пен жануарлар әлемін сақтауға үндейді. Дарья Скляренконың «Далалық қыран Кие» атты екінші кітабы — қорғауға алынған дала қыраны, оның қоректенуі мен көші-қоны туралы сыр шертеді. Кітапханаға сый ретінде тарту етілген бұл еңбектер үшін шынайы алғысымызды және ризашылығымызды білдіреміз
... Читать дальше »
Науырзым аудандық балалар кітапханасында оқырмандармен бірге «Кішкентай ханзаданың әлемі» атты виртуалды әдеби сағат өтті. Кітапханашы балаларды қарапайым, бірақ ең маңызды – махаббат, достық, өмір мен парыз туралы терең әрі дана түрде жазған жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. «Кішкентай ханзада» ертегісі – бірнеше буын бала оқырмандарының сүйікті туындысы.
Іс-шараның мақсаты – балаларды «Кішкентай ханзада» ертегісінің философиялық мазмұнымен таныстыру, оқуға деген қызығушылығын арттыру, гуманистік құндылықтарды қалыптастыру және мәңгілік ақиқаттар туралы ой жүгіртуге баулу.
В Наурзумской районной детской библиотеке с читателями прошёл виртуальный ли
... Читать дальше »
Домбыра күні қарсаңында Дәмді ауылдық кітапханасында «Домбыра күні – ұлттың үні» атты библио-кафе ұйымдастырылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өткен бұл рухани шарада халқымыздың киелі мұрасына айналған домбыра аспабының тарихына тереңірек үңілдік.
Шара барысында Сүйінбай, Құрманғазы, Дина, Әйтімбет сынды домбыраның құлағында ойнаған әйгілі күйшілердің өмірі мен өнері жайлы әңгімеленді. Сондай-ақ, домбыраны жанындай жақсы көретін, оны өмірінің серігіне айналдырған орындаушылардың тағдыры мен шығармашылығы да кеңінен қамтылды.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра» деген халық сөзі шараның мәнін тереңдете түсті. Домбыраның үні – сиқырлы әуез, ж
... Читать дальше »
Астана – армандар орындалатын, болашаққа бастайтын, рухани байлықтың қайнар көзі. Бұл қала – әр қазақтың жүрегіндегі мақтаныш, ел ертеңінің асқақ айғағы. Осындай маңызы зор мерекеге орай Дәмді ауылдық кітапханасында «Ақ ордалы Астанам» атты поэтикалық серпантин ұйымдастырылды.
Шара барысында «Тарих пен болашақ тоғысқан мекен» тақырыбы аясында Астананың өткені мен бүгіні, ертеңі жайлы ойлар ортаға салынып, «Аспанмен астасқан Ақ орда» бейнесі сомдалды. Байтерек – қазақ халқының арманы мен мақсатын бейнелейтін нышан ретінде сипатталып, оның терең мағынасы көркем тілмен жеткізілді.
«Есілдің еркін ағысы» бөлігінде Есіл өзенінің қаланың қақ ортасынан ағып өтіп
... Читать дальше »
Шолақсай ауылдық кітапханасында Астана күніне орай «Тарих айнасындағы Астана» атты ауызша журнал өткізілді. Іс-шараның мақсаты — балалардың еліміздің астанасы туралы білімдерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Ауызша журнал бірнеше беттен тұрды, әр беті қаланың қалыптасуы мен дамуының белгілі бір кезеңін қамтыды. Алғашқы бет — «Өткеннен — болашаққа» бөлімінде кітапханашы балаларға қаланың тарихы туралы айтып берді: шағын Ақмола елді мекенінен еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналғаны баяндалды. Қатысушылар қала атауының өзгеру кезеңдерімен танысты — Ақмоладан Астанаға, одан кейін Нұр-Сұлтанға және қайта Астанаға айн
... Читать дальше »
Раздольное ауылдық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты көрме-инсталляция ұйымдастырылды. Бұл тағылымды шараның негізгі мақсаты – ғасырлар тереңінен тамыр тартқан, халқымыздың рухани жанына айналған киелі домбыра аспабын ұлықтау, оның қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге деген құрметті ояту.
Көрмеде домбыраның шығу тарихы, атақты күйші-композиторлар туралы деректер мен сирек фотоматериалдар ұсынылды. Қатысушылар домбыра жайлы қызықты мәліметтермен танысып, оның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі, салт-дәстүріндегі, өнері мен мәдениетіндегі маңызды орнын тереңінен сезінді.
Аталмыш көрме-инсталляция – ұлттың үніне айналған домбыр
... Читать дальше »
Мереке ауылдық кітапханасында «Әр суретте – Астана келбеті» атты сурет галереясы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – балалардың елорда туралы білімін тереңдету, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтіп, өз ойларын көркем сурет арқылы жеткізу қабілетін дамыту.
Балалар Астананың сәулетті бейнесін, тарихи және мәдени нышандарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық шабытпен өрнектеді. Көрмеге қойылған әр сурет – жас қиял мен ұлттық мақтаныштың көрінісі. Галерея аясында өткен талқылауларда балалар өз еңбектері жайлы айтып, елордаға деген сүйіспеншілігін білдірді.
В Мерекенской сельской библиотеке была организована галерея под названием «Астана в каж
... Читать дальше »
Науырзым аудандық балалар кітапханасында ұлттық мәдениетімізді насихаттау мақсатында «Домбыра туралы аңыз» атты қызықты деректер сағаты өтті. Іс-шара барысында балалар домбыраның құрылымы мен дыбыс шығару ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат алып, қазақтың танымал күйшілері мен олардың мәңгілік мұрасына айналған күйлерін тыңдады.
Сондай-ақ, Жошы хан заманынан жеткен ең танымал аңызды біліп көңілдерін ұлттық аспап жайлы жаңа серпіліс толқынымен толықтырды. Соңында, «Хан және домбыра» атты ертегі фильмі көрсетілді.
В Наурзумской районной детской библиотеке прошёл познавательный час интересных фактов под названием «Легенда о домбре», приуроченный к популяризации национального искусс
... Читать дальше »