Главная » 2025 » Август » 5 » «Домбыра күні – ұлттың үні» библио-кафе
10:52
 «Домбыра күні – ұлттың үні» библио-кафе


Домбыра күні қарсаңында Дәмді ауылдық кітапханасында «Домбыра күні – ұлттың үні» атты библио-кафе ұйымдастырылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өткен бұл рухани шарада халқымыздың киелі мұрасына айналған домбыра аспабының тарихына тереңірек үңілдік.
Шара барысында Сүйінбай, Құрманғазы, Дина, Әйтімбет сынды домбыраның құлағында ойнаған әйгілі күйшілердің өмірі мен өнері жайлы әңгімеленді. Сондай-ақ, домбыраны жанындай жақсы көретін, оны өмірінің серігіне айналдырған орындаушылардың тағдыры мен шығармашылығы да кеңінен қамтылды.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра» деген халық сөзі шараның мәнін тереңдете түсті. Домбыраның үні – сиқырлы әуез, жүрекпен ғана сезілетін тілсіз тіл.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылығымыз саналатын домбыраны ұлықтап, жас ұрпаққа оның қадір-қасиетін таныту, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті ояту болды.

В преддверии Дня домбры в сельской библиотеке села Дамды прошло мероприятие в формате библио-кафе под названием «Домбыра күні – ұлттың үні». Совместно с постоянными читателями мы погрузились в историю этого священного инструмента, который с древности является душой казахского народа.
Особое внимание было уделено великим домбристам, таким как Суюнбай, Курмангазы, Дина и Айтимбет — тем, кто виртуозно владел этим инструментом и оставил неизгладимый след в истории национального искусства. Также вспоминались современные исполнители, которые любят домбру всей душой и делают её частью своей жизни.
Фраза «Истинный казах — это не просто казах, истинный казах — это домбра» стала лейтмотивом встречи. Звук домбры — это чарующая мелодия, способная без слов проникнуть в самую глубину сердца.
Главной целью мероприятия было популяризировать домбру как национальное достояние, пробуждать любовь к традициям и уважение к культурному наследию среди молодёжи и широкой общественности.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 38 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях