
Раздольное ауылдық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты көрме-инсталляция ұйымдастырылды. Бұл тағылымды шараның негізгі мақсаты – ғасырлар тереңінен тамыр тартқан, халқымыздың рухани жанына айналған киелі домбыра аспабын ұлықтау, оның қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге деген құрметті ояту.
Көрмеде домбыраның шығу тарихы, атақты күйші-композиторлар туралы деректер мен сирек фотоматериалдар ұсынылды. Қатысушылар домбыра жайлы қызықты мәліметтермен танысып, оның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі, салт-дәстүріндегі, өнері мен мәдениетіндегі маңызды орнын тереңінен сезінді.
Аталмыш көрме-инсталляция – ұлттың үніне айналған домбыраның мәртебесін асқақтатқан, көрерменге рухани шабыт сыйлаған әсерлі оқиға болды.
В честь Национального дня домбры в Раздольненской сельской библиотеке была организована выставка-инсталляция под названием «Домбыра – сокровище моего народа». Целью мероприятия стало прославление духовного наследия казахского народа — священного музыкального инструмента, прошедшего сквозь века, и привитие молодежи любви к национальному искусству.
На выставке были представлены исторические сведения о происхождении домбры, фотоматериалы и информация о выдающихся кюйши и композиторах. Участники мероприятия узнали множество интересных фактов о домбре и прочувствовали её особую роль в жизни, культуре и мировоззрении казахского народа.
Эта выставка-инсталляция стала символом уважения и гордости за национальную культуру, вдохновив посетителей прикоснуться к вечным ценностям, звучащим в каждом перезвоне домбры.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|