
Мереке ауылдық кітапханасында «Әр суретте – Астана келбеті» атты сурет галереясы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – балалардың елорда туралы білімін тереңдету, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтіп, өз ойларын көркем сурет арқылы жеткізу қабілетін дамыту.
Балалар Астананың сәулетті бейнесін, тарихи және мәдени нышандарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық шабытпен өрнектеді. Көрмеге қойылған әр сурет – жас қиял мен ұлттық мақтаныштың көрінісі. Галерея аясында өткен талқылауларда балалар өз еңбектері жайлы айтып, елордаға деген сүйіспеншілігін білдірді.
В Мерекенской сельской библиотеке была организована галерея под названием «Астана в каждом рисунке». Цель мероприятия — развить у детей способность выражать свои мысли через изобразительное искусство, углубить их знания о столице, познакомить с историей становления города и расширить кругозор.
Юные участники с воодушевлением изображали архитектурный облик Астаны, её символы и достопримечательности, раскрывая своё видение города на бумаге. Каждый рисунок, представленный в галерее, стал отражением детской фантазии и патриотизма. В рамках мероприятия также прошли обсуждения, где дети делились своими впечатлениями и рассказывали о том, что для них значит столица.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|