Главная » 2025 » Апрель » 29


Науырзым ауылдық кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлттар достығы» атты достық сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының көпұлтты халқы арасындағы достық пен татулықтың еліміздің бірлігінің басты кепілі екенін ұғындыру. Әр ұлттың тілі мен дәстүріне, мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға, өз ұлтының құндылықтарын біле отырып, өзге ұлттардың рухани байлығын бағалауға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушыларға арналып танымдық ойындар, қызықты викториналар мен жұмбақтар ұйымдастырылды. Балалар ынтымақ пен достыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттар арасындағы бірлік туралы өз ойларымен бөлісті.

Наурзумская ... Читать дальше »

Просмотров: 22 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2025 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында «Достық қанатында» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көпұлтты халқымыздың бейбіт өмірі мен бірлігін нығайтуға өз үлесін қоса алатын саналы азамат ретінде тәрбиелеу болды.
Шара барысында балалар достықтың маңыздылығы, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы өзара сыйластық пен татулық туралы ой бөлісті. Әртүрлі ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктер таныстырылып, олардың бәрі Қазақстан атты ортақ шаңырақтың астында үндесіп жатқандығы айтылды.

В сельской библиотеке села Мереке было организовано мероприятие под названием «На крыльях дружбы».
Цель мероприятия – расш ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы-фронтовик, ұстаз Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Халық қаһарманы — Бауыржан Момышұлы» атты әдеби-тарихи сағат өткізді.
Шараның мақсаты – батыр қаламгердің шығармашылығын оқырмандарға кеңінен насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұрпақты ерлікке және парасаттылыққа үндейтін тағылымды өмір жолымен таныстыру болды.
Іс-шара барысында интерактивті тақта арқылы Бауыржан Момышұлының ерліктері жан-жақты баяндалды. Оны тек батыр, қаһарман қолбасшы ретінде ғана емес, сонымен қатар, ұстаз, ойшыл тұлға және ұлттық әдебиетке өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер ретінде тану қажеттілігі айты ... Читать дальше »

Просмотров: 33 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях