
Мереке ауылдық кітапханасында «Достық қанатында» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көпұлтты халқымыздың бейбіт өмірі мен бірлігін нығайтуға өз үлесін қоса алатын саналы азамат ретінде тәрбиелеу болды.
Шара барысында балалар достықтың маңыздылығы, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы өзара сыйластық пен татулық туралы ой бөлісті. Әртүрлі ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктер таныстырылып, олардың бәрі Қазақстан атты ортақ шаңырақтың астында үндесіп жатқандығы айтылды.
В сельской библиотеке села Мереке было организовано мероприятие под названием «На крыльях дружбы».
Цель мероприятия – расширить у учащихся понимание важности единства и сотрудничества, воспитать сознательных граждан, готовых вносить свой вклад в укрепление мира и единства многонационального народа.
В ходе мероприятия дети размышляли о значении дружбы, о взаимоуважении и согласии между представителями различных национальностей. Им были представлены особенности национальных традиций и культур, подчёркивая, что все они гармонично сосуществуют под единым небом Казахстана.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|