
Науырзым ауылдық кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлттар достығы» атты достық сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының көпұлтты халқы арасындағы достық пен татулықтың еліміздің бірлігінің басты кепілі екенін ұғындыру. Әр ұлттың тілі мен дәстүріне, мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға, өз ұлтының құндылықтарын біле отырып, өзге ұлттардың рухани байлығын бағалауға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушыларға арналып танымдық ойындар, қызықты викториналар мен жұмбақтар ұйымдастырылды. Балалар ынтымақ пен достыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттар арасындағы бірлік туралы өз ойларымен бөлісті.
Наурзумская сельская библиотека в преддверии праздника 1 мая – Дня единства народов Казахстана провела час дружбы под названием «Ұлттар достығы».
Цель мероприятия – показать читателям, что дружба народов многонациональной Республики Казахстан является залогом единства и стабильности в стране. Воспитать уважение к культуре других народов, научить молодежь ценить духовное богатство разных наций, сохраняя при этом знания о языке, религии и традициях своего собственного народа.
В ходе мероприятия участники принимали участие в познавательных играх, отвечали на вопросы викторины, разгадывали загадки. Они делились своими мыслями о дружбе, единстве и мире между народами.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|