
Шилі ауылдық кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы-фронтовик, ұстаз Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Халық қаһарманы — Бауыржан Момышұлы» атты әдеби-тарихи сағат өткізді.
Шараның мақсаты – батыр қаламгердің шығармашылығын оқырмандарға кеңінен насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұрпақты ерлікке және парасаттылыққа үндейтін тағылымды өмір жолымен таныстыру болды.
Іс-шара барысында интерактивті тақта арқылы Бауыржан Момышұлының ерліктері жан-жақты баяндалды. Оны тек батыр, қаһарман қолбасшы ретінде ғана емес, сонымен қатар, ұстаз, ойшыл тұлға және ұлттық әдебиетке өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер ретінде тану қажеттілігі айтылды. Қан майданда жүріп, оқ пен оттың ортасындағы өмір шындығын күнделікке түсіргені, соның негізінде көптеген мемуарлық шығармалар жазғаны да сөз болды. Шарада соғыстан кейінгі жылдары жазылған туындыларына ерекше назар аударылып, олардың тәрбиелік мәні мен көркемдік құндылығы айқындалды.
Сельская библиотека села Шили провела литературно-исторический час под названием «Народный герой — Бауыржан Момышулы», приуроченный к 80-летию Великой Победы и 115-летию легендарного полководца, Героя Советского Союза, писателя-фронтовика и педагога Бауыржана Момышулы.
Цель мероприятия – популяризация творчества и личности великого героя среди читателей, воспитание у молодежи чувства патриотизма, знакомство с выдающейся личностью, чья жизнь и произведения вдохновляют на доблесть и нравственную стойкость.
Во время мероприятия с помощью интерактивной доски были подробно освещены героические подвиги Б.Момышулы, его литературное наследие и педагогическая деятельность. Присутствующие узнали, что он был не только воином и командиром, но и настоящим мыслителем, наставником, внесшим значительный вклад в развитие казахской литературы. Находясь на передовой, он вел дневники, фиксировал фронтовые события, и впоследствии на основе этих записей написал множество мемуарных произведений. Особое внимание было уделено его послевоенным работам, наполненным глубоким смыслом и художественной выразительностью.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|