Главная » 2025 » Апрель » 07


Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент,Алтын адамның күміс зереншедегі жазуының шифрын ашқан ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның туғанына 80 жыл толуына орай «Ғылымның таңғажайып әлемі» тақырыбында аудандық орталық кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: қазақтың физик зерттеушісі Мағрипа Жылқыбаеваның өмірі мен шығармашылығын және оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

К 80-летию со дня рождения Магрипы Жылкыбаевой, кандидата физико-математических наук, уникального ученого и исследователя, которая с помощью науки квантовой физики расшифровала первый человеческий язык протоэры на основе наследия Золотого человека,  в центральной районной библиотеке была организова ... Читать дальше »

Просмотров: 30 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Науырзым аудандық кітапханасының қызметкерлері Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп жалпыоблыстық сенбілік жұмысын жүргізді.

Сотрудники отдела культуры и развития языков Наурзумского района,  центральной районной библиотеки  и районного дома культуры провели общеобластной субботник.

Просмотров: 23 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен, мектеп жасындағы оқырмандар және ауыл азаматы, ауған соғысы ардагері Костин Мұрат Бейсембайұлының қатысуымен “Соғыс туралы оқимыз” атты дауыстап оқу сағаты өтті. Бұл шарада соғыс естеліктері тек кітаптар арқылы ғана емес, естеліктер мен күнделіктер арқылы да мағлұмат ала алатынымыз айтылды. Ұлы Отан соғысы туралы, майдан даласынан жазылған сол дәуірдің тынысын сезінуге, адамдардың бастан кешкен қиындықтары мен ерліктерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпараттар қарастырылды. Кітапханалардан ғана таба алатын батыр бабаларымыз туралы кітаптардан кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жазушылардың көптеген қысқа әңгімелері мен очеркте ... Читать дальше »

Просмотров: 34 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Жемқорлық – расында да көптеген елдер мен қоғамдарды тығырыққа тіреп отырған күрделі кесел. Ол мемлекеттік басқару жүйесін бұзып, экономикалық дамуға тұсау салып, халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін басты факторлардың бірі болып отыр.
Осыған орай, Дәмді ауылдық кітапханасында «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты тақырыпта ақпараттық сағат ұйымдастырылып, оған ауылдық ұжым өкілдері қатысты. Шара барысында жемқорлықтың қоғамда кең етек жаюы, оның терең тамырлары және онымен күрес жолдары сөз болды. Әсіресе пара берудің де, алудың да заңға қайшы екендігі, оның соңы ауыр жауапкершілікке алып келетіндігі ерекше атап өтілді. Қоғамдағы бұл індеттің ауқымы кең екені және оның кері салдары мемлекеттің дамуына елеу ... Читать дальше »

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында
«Мыржақып Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы» атты тақырыпта таныстыру сабағы 5-сынып оқушыларымен өткізілді. Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен ұлы қайраткер, ақын, жазушы, ағартушы. 
Мыржақып Дулатов – Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі. Ол қазақ халқының санасын ояту үшін көптеген өлеңдер мен мақалалар жазды. Оның ең танымал шығармаларының бірі – «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы. Бұл кітап қазақ халқын білім алуға, бірлікке, елін, жерін қорғауға арнады.
Оның «Бақытсыз Жамал» атты алғашқы романы – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі болып саналады.
Мыржақып Дулатов өз өмірін ұ ... Читать дальше »

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Қазақ әдебиетінде өзгеше өрнегімен, ерекше қолтаңбасымен қалған ақын – Тобыл-Торғай өңірінің мақтанышы Серікбай Оспановтың туғанына 80 жыл толуына орай Науырзым аудандық кіапханасы «Беттен өпкен ағадай, Туған елдің самалы-ай» тақырыптық көрме және шығармашылығына шолу ұсынды.  Шара мақсаты:  Әр бір өнер иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу оқырмандарды ақынның көркем шығармаға қызығушылығын арттыру, насихаттау.

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында Қазақстанның Халық қаһарманы, ұлы композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты фольклорлық сағат өтті. Бұл шараның мақсаты – композитордың бай мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру, отансүйгіштік сезімдерін ояту.
Кітапхана қызметкерлері Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндап, оның қазақ музыкасына қосқан зор үлесін атап өтті. Ұлы сазгердің есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгілікке сақталған. Ол ұлттық музыка өнерінің биік шыңына көтеріліп, қазақ руханиятына өшпес із қалдырды.
Нұрғиса Тілендиев – «Отырар сазы» фольк ... Читать дальше »

Просмотров: 40 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапхана және аудандық мәдениет үйі бірлесіп атақты күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Нұрғиса – қазақтың сұлу сазды жүрегі» тақырыбында ауданымыздың өнерге жақын ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың арасында өнер сағаты өтті. Шараға жиналған зиялы қауым композитордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ойларын ортаға салып, композитордың әндерін шырқады. Іс-шара мақсаты – көрнекті композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық музыка өнерінің дамуына ықпал ету, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен өнерін қадірлеуге шақыру.

Наурзумская районная библиотека совместно с домом культуры провели час искусства «Нұрғиса – қаз ... Читать дальше »

Просмотров: 21 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Оқырмандарды Евней Бөкетовтің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында Шолақсай ауылдық кітапханасында «Бөкетовтың өмір жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Евней Бөкетов шығармашылығының жанкүйерлері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар көрнекті ғалым, жазушы және қоғам қайраткерінің өмір жолын, оның Қазақстан ғылымын, әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесін талқылады. Бөкетовтің отандық металлургияны дамытудағы рөлі, ғылыми еңбектері, әдеби мұрасы туралы баяндамалар тыңдалды. Оның қоғам, адамгершілік, адами құндылықтардың маңызды мәселелерін көтерген шығармаларына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Бөкетов идеяларының қазіргі әлемдегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. ... Читать дальше »

Просмотров: 20 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына орай «Әдеби тұлғаның адамгершілік әлемі» атты әдеби лотос өтті.
Шараның мақсаты – Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға терең таныстырып, шығармаларының мазмұнын меңгеруге, негізгі түйінін табуға және көркемдік ерекшеліктерін талдауға үйрету.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы жазушы туралы мағлұмат беріп, оның шығармаларының тәрбиелік маңызы зор екенін және адамзатқа бауырмалдық пен достықтың қажеттігін атап өтті. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Мұхта ... Читать дальше »

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Дәмді ауылында, "Төрлет Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні",  атты мерекелік іс шаралары көтеріңкі көңіл күймен қатар, жиылған қауымға той құтты болсын деп шашу шашылды. Әннен шашу  бүлдіршіндерден  ата әжелеріне  би билеп, ауылдық ұжымдардан құралған әуесқой әншілеріміздің әндерін тамашаланды. Наурыз көжеден жиылған қауымға дәм ұсынылды.  Ұлттық ойындардан арқан тартыс, қол күрес, қазақша күрестен қызықты да тартысты жарыс ұйымдастырыла отыра өткізілді. 
Тек қане балалар ғана емес, ауыл апа жеңгелері де осы ойындарға қызу араласты.  Кешкілік ауылдың тұрғындарына арнайы ас дастарханы ұсынылды. Ауылымыздың қарт анасы Жақсылық әжеміз жастарға, ұйымдастырушыларға  арнап,  жылы лебіз ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы Халықаралық кітап  күніне орай «Сәлем саған кітап мерекесі!» атты кітап апталығын ұйымдастырды. 
Мақсаты: өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, кітап оқуға баулу, кітапханаға деген жылулық сезімдерін арттыру.

Наурзумская районная детская библиотека провела первые мероприятия Недели детской и юношеской книги «Здравствуй, праздник книг!».
Цель: повышение духовно-нравственных знаний подрастающего поколения, приобщение к чтению, повышение чувства тепла по отношению к библиотеке.

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях