
Жемқорлық – расында да көптеген елдер мен қоғамдарды тығырыққа тіреп отырған күрделі кесел. Ол мемлекеттік басқару жүйесін бұзып, экономикалық дамуға тұсау салып, халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін басты факторлардың бірі болып отыр.
Осыған орай, Дәмді ауылдық кітапханасында «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты тақырыпта ақпараттық сағат ұйымдастырылып, оған ауылдық ұжым өкілдері қатысты. Шара барысында жемқорлықтың қоғамда кең етек жаюы, оның терең тамырлары және онымен күрес жолдары сөз болды. Әсіресе пара берудің де, алудың да заңға қайшы екендігі, оның соңы ауыр жауапкершілікке алып келетіндігі ерекше атап өтілді. Қоғамдағы бұл індеттің ауқымы кең екені және оның кері салдары мемлекеттің дамуына елеулі зиян келтіретіні айтылды.
Мақсаты – халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, әрі әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін сезіндіру.
Коррупция действительно остаётся сложной и болезненной проблемой, сковывающей развитие многих стран и обществ. Она подрывает систему государственного управления, тормозит экономический рост и отрицательно влияет на благосостояние граждан.
В сельской библиотеке села Дамды прошёл информационный час на тему «Коррупция — болезнь века» с участием представителей сельского коллектива. В ходе встречи обсуждались масштабы распространения коррупции, её глубокие корни и возможные пути борьбы. Особое внимание было уделено тому, что как дача, так и получение взяток являются уголовно наказуемыми действиями. Было подчеркнуто, что коррупция не просто нарушает закон — она разрушает саму основу общественного доверия и справедливости.
Цель — повысить правовую грамотность населения, сформировать антикоррупционное сознание и напомнить каждому гражданину о личной ответственности перед законом.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|