
Раздольный ауылдық кітапханасында
«Мыржақып Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы» атты тақырыпта таныстыру сабағы 5-сынып оқушыларымен өткізілді. Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен ұлы қайраткер, ақын, жазушы, ағартушы.
Мыржақып Дулатов – Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі. Ол қазақ халқының санасын ояту үшін көптеген өлеңдер мен мақалалар жазды. Оның ең танымал шығармаларының бірі – «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы. Бұл кітап қазақ халқын білім алуға, бірлікке, елін, жерін қорғауға арнады.
Оның «Бақытсыз Жамал» атты алғашқы романы – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі болып саналады.
Мыржақып Дулатов өз өмірін ұлттың азаттығы мен өркендеуіне арнады. Қазақ тілінде газет-журналдар шығарып, халыққа білім мен еркіндіктің маңыздылығын түсіндірді.
Бүгінде оның еңбектері қайта жаңғырып, қазақ жастары оның шығармашылығымен танысуда. Мыржақып Дулатовтың өлеңдері мен мақалалары еркіндікті аңсаған, әділдік пен білімге шақырған азаттық рухының символына айналды.
В сельской библиотеке села Раздольное прошёл ознакомительный урок на тему «Мыржақып Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы» с учениками 5-го класса.
Мыржакып Дулатов — великий деятель, поэт, писатель и просветитель, боровшийся за свободу и независимость казахского народа. Он родился в 1885 году на территории современной Костанайской области. С юных лет он стремился к знаниям и обучался в Торгайской учительской школе. Позже он посвятил себя преподаванию, уделяя особое внимание образованию казахских детей.
Мыржакып Дулатов был одним из ключевых членов движения «Алаш». Он писал множество стихов и статей, чтобы пробудить сознание казахского народа.
Его роман «Несчастная Жамал» стал одним из первых романов в казахской литературе.
Мыржакып Дулатов посвятил свою жизнь свободе и процветанию своего народа. Он издавал газеты и журналы на казахском языке, объясняя важность образования и свободы.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|