
Науырзым ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына орай «Әдеби тұлғаның адамгершілік әлемі» атты әдеби лотос өтті.
Шараның мақсаты – Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға терең таныстырып, шығармаларының мазмұнын меңгеруге, негізгі түйінін табуға және көркемдік ерекшеліктерін талдауға үйрету.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы жазушы туралы мағлұмат беріп, оның шығармаларының тәрбиелік маңызы зор екенін және адамзатқа бауырмалдық пен достықтың қажеттігін атап өтті. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», «Бір атаның балалары», «Көкбалақ», «Тазының өлімі», «Қыпшақ аруы», «Аласапыран» атты кітаптары қойылды.
В Наурзумской сельской библиотеке в честь 85-летия писателя, исследователя казахского устного народного творчества, ученого, лауреата Государственной премии и Народного писателя Казахстана Мухтара Магауина состоялся литературный лотос «Әдеби тұлғаның адамгершілік әлемі».
Цель мероприятия – познакомить читателей с жизнью и творчеством Мухтара Магауина, помочь глубже понять содержание его произведений, выявить их основные идеи и научиться анализировать художественные особенности.
В мероприятии приняли участие читатели библиотеки. Библиотекарь рассказала о жизни и творчестве писателя, отметив, что его произведения несут важные воспитательные ценности, учат человечности и дружбе. В рамках мероприятия была организована книжная выставка, где были представлены произведения Мухтара Магауина, имеющиеся в библиотеке: «Қобыз сарыны», «Бір атаның балалары», «Көкбалақ», «Тазының өлімі», «Қыпшақ аруы» и «Аласапыран».
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|