Главная » 2025 » Февраль » 28


Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ – еліміздің берік негізі әрі басты құндылықтары. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қағидаларды жүйелі түрде іске асырып келеді. Осы айтулы датаға орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Ассамблея – бір халық, бір ел» атты көркем суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл көрменің негізгі мақсаты – ұлтаралық достықты сақтау, түрлі конфессиялар мен мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту, дін саласында тұрақты мемлекеттік саясатты ұстану қағидаларын үйрету және қоғамдағы тұрақтылықты насихаттау. Сонымен қатар, іс-шара қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ел ішіндегі бірліктің маңызын түсіндіруге бағытталды.
Қаз ... Читать дальше »

Просмотров: 30 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2025 | Комментарии (0)


"Жұмысшы мамандықтары" жылы аясында Алғыс айту күніне орай аудандық орталық кітапханасы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп "Алғыс айту парызым" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.   Ауданымыздың мекемелерінен жұмысшы мамандарды шақырып, алғыс білдірді. Науырзым аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әндерін айтып, көктемнің алғашқы мерекесін сезіндірді.

Просмотров: 73 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2025 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне арналған «Алғыс шекара танымас» атты кітапхана сабағы өтті.  Шараға бірінші сынып оқушылары шақырылды.  Сабақтың мақсаты балаларды тек отбасы мен достарына ғана емес, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барлық халықтарға, сондай-ақ олардың бақытты болашағына жағдай жасайтын мемлекетке деген ризашылық ұғымымен таныстыру болды.  Шара барысында жас оқырмандар игі істерге ризашылық білдірудің, қолдау мен қамқорлықтың маңыздылығын білді: олар достық пен өзара көмек туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, не үшін «рахмет» деп айтуға болатыны туралы өз ойларымен бөлісті.  Қорытынды кезең шығармашылық тапсырма болды: әр ба ... Читать дальше »

Просмотров: 34 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2025 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Өмірге риза болып, әңгіме айт» іс-шарасы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқырмандардың бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақындарына шынайы алғысын жеткізуіне мүмкіндік жасау болды.
Кездесу барысында қатысушылар ризашылықтың өмірдегі орны мен маңызын талқылап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Алғыс айту – адамды мейірімділікке, ізгілікке жетелейтін асыл қасиет. Осындай шаралар қоғамда сыйластық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізеді.

В сельской библиотеке села Мереке в честь Дня благодарности состоялось мероприятие «С благодарностью к жизни». Его главной целью было создание атмосферы доброжелательности, где участ ... Читать дальше »

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2025 | Комментарии (0)


Дәстүр сабақтастығы – ұлттың рухани тірегі. Осы негізді терең насихаттау, әдет-ғұрыптың мәнін ашу мақсатында Дәмді ауылында Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – рухани байлығымыз» атты алғыс сағаты болып өтті. Шараны ұйымдастыруға мәдениет қызметкері, кітапханашы және мектеп оқушылары бірлесе атсалысты.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – өзара сыйластық пен ризашылық сезімін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу болды. Қатысушылардың белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар ұйымдастырылып, ризашылық білдіру мәдениетінің маңызы жан-жақты талқыланды.
Шара барысында жиналғандар алғыс айтудың терең мәнін түсініп, оның қоғамдағы бірлікті нығайту ... Читать дальше »

Просмотров: 35 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2025 | Комментарии (0)


Дәмді ауылындағы соғыстан қайтпаған қаһармандарға арналған ескерткіш-мемориалдық тақтаның айналасын қардан тазарту жұмыстары әкімшілік ұжымы мен мәдениет қызметкерлерінің бірлескен күшімен жүргізілді. Бұл шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және оларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Тазарту жұмыстары барысында мемориалдық тақтаның айналасындағы қар тазаланып, сонымен қатар, ескерткіштің өзі де шаң-тозаңнан арылып, жаңартылды.

В селе Дамды совместными усилиями администрации и работников культуры было проведено работы по уборке снега вокруг мемориальной доски памятника героям, не вернувшимся с войны. Это мероприятие было организовано с целью почтить память воинов, погибших в Великой От ... Читать дальше »

Просмотров: 20 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях