Главная » 2025 » Февраль » 28 » «Ассамблея – бір халық, бір ел» кітап көрмесі
19:04
 «Ассамблея – бір халық, бір ел» кітап көрмесі


Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ – еліміздің берік негізі әрі басты құндылықтары. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қағидаларды жүйелі түрде іске асырып келеді. Осы айтулы датаға орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Ассамблея – бір халық, бір ел» атты көркем суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл көрменің негізгі мақсаты – ұлтаралық достықты сақтау, түрлі конфессиялар мен мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту, дін саласында тұрақты мемлекеттік саясатты ұстану қағидаларын үйрету және қоғамдағы тұрақтылықты насихаттау. Сонымен қатар, іс-шара қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ел ішіндегі бірліктің маңызын түсіндіруге бағытталды.
Қазақ елі – кең жүректі, дархан халық. Соның арқасында Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. Қазақ жерін ортақ шаңырақ санайтын өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» деген ұстанымды жүректеріне бекіткен.
Іс-шара соңында қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, шара қызықты әрі танымды өтті.

В этом году Ассамблея народа Казахстана отмечает 30-летний юбилей. Единство, согласие и сплочённость – это прочный фундамент нашего государства и его главные ценности. Ассамблея на протяжении этих лет последовательно и уверенно реализует эти принципы. В честь этой знаменательной даты в Наурзумской сельской библиотеке была организована художественная книжная выставка «Ассамблея – один народ, одна страна».
Основной целью выставки стало сохранение межнациональной дружбы, укрепление диалога между различными конфессиями и культурами, привитие принципов устойчивой государственной политики в сфере религии и воспитание общества в духе стабильности. Кроме того, мероприятие было направлено на повышение интереса участников и осознание важности единства в стране.
В завершение мероприятия участники ответили на вопросы викторины, что сделало встречу ещё более увлекательной и познавательной.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 31 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях