Главная » 2025 » Февраль » 28 » «Алғыс айту – рухани байлығымыз» алғыс сағаты
11:24
 «Алғыс айту – рухани байлығымыз» алғыс сағаты


Дәстүр сабақтастығы – ұлттың рухани тірегі. Осы негізді терең насихаттау, әдет-ғұрыптың мәнін ашу мақсатында Дәмді ауылында Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – рухани байлығымыз» атты алғыс сағаты болып өтті. Шараны ұйымдастыруға мәдениет қызметкері, кітапханашы және мектеп оқушылары бірлесе атсалысты.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – өзара сыйластық пен ризашылық сезімін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу болды. Қатысушылардың белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар ұйымдастырылып, ризашылық білдіру мәдениетінің маңызы жан-жақты талқыланды.
Шара барысында жиналғандар алғыс айтудың терең мәнін түсініп, оның қоғамдағы бірлікті нығайтудағы рөлін сезінді. Рухани байлық – әр халықтың баға жетпес қазынасы, ал шынайы алғыс айту – жүректен шыққан ықылас пен ізгіліктің көрінісі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Приверженность традициям – основа духовной культуры народа. С целью пропаганды этих ценностей и раскрытия смысла обычаев в селе Дамды прошёл час благодарности «Алғыс айту – рухани байлығымыз», приуроченный ко Дню благодарности. В организации мероприятия приняли участие работник культуры, библиотекарь и школьники.
Главной задачей встречи стало укрепление взаимного уважения и благодарности, популяризация национальных ценностей и духовно-нравственное воспитание молодёжи. Для активного вовлечения участников были организованы познавательные игры, направленные на осознание важности культуры выражения благодарности.
В ходе мероприятия участники глубже осознали значимость благодарности и её роль в укреплении единства общества. Духовное богатство – бесценное достояние каждого народа, а искренняя благодарность – проявление душевного тепла и добродетели.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 35 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях