
Мереке ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Өмірге риза болып, әңгіме айт» іс-шарасы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқырмандардың бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақындарына шынайы алғысын жеткізуіне мүмкіндік жасау болды.
Кездесу барысында қатысушылар ризашылықтың өмірдегі орны мен маңызын талқылап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Алғыс айту – адамды мейірімділікке, ізгілікке жетелейтін асыл қасиет. Осындай шаралар қоғамда сыйластық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізеді.
В сельской библиотеке села Мереке в честь Дня благодарности состоялось мероприятие «С благодарностью к жизни». Его главной целью было создание атмосферы доброжелательности, где участники могли выразить искреннюю признательность своим близким и друг другу.
Во время встречи читатели делились добрыми словами, обсуждали значение благодарности в жизни человека и обменивались тёплыми пожеланиями. Искреннее выражение благодарности наполняет сердца добром и укрепляет взаимопонимание в обществе. Подобные мероприятия способствуют развитию культуры уважения и гармонии среди людей.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|