Главная » 2026 » Февраль » 13


Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі мен батырлығын жас ұрпаққа үлгі ету, Ауған соғысына қатысқан жерлес азаматтардың өмір жолын насихаттау, тарихи оқиғаларды құрметтеу, ардагерлерге тағзым ету мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында 15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуы күніне орай «Ауған ардагерлері – ерлік символы» атты ерлік сағаты өткізілді.Шара барысында оқушыларға Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетіліп, соғыстың шығу тарихы, оның зардаптары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар, ауылымыздың ауған соғысына қатысқан жерлес ардагерлерінің өмір жолы мен көрсеткен ерліктері кеңінен насихатталды.
Ерлік сағаты жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, бейбіт өмірдің қа ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы 
Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күніне арнап
“Ауғанстан-тарихтың тұңғиығы”тақырыбымен тарихи репортаж ұйымдастырды.
Мақсаты:Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып,сарбаздардың ерлігіне тағзым ету,өскелен ұрпақтың патриоттық тәрбиелерін нығайту.
Шара барысында  кітаптағы тарихи деректерге сүйініп,”Ауған соғысы-себептері мен салдары”атты қысқаша баяндама оқылды.
Сонымен қатар мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі өз сөзінде, Ауған соғысына қатысқан жас жігіттер қан майданға шартқа отырып,жалданып,ақша іздеп барған жоқ,олар Отан алдында берген ант пен парызына адалдық танытып,сол кездегі мемлекеттік бұйрығы орындалғанын толығырақ айтып ... Читать дальше »

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы «Ауғанстан — жүрегімнің жарасы» атты ерлік сабағы өткзді. Шараға алғашқы әскери дайындық жетекшісі мен әскерге шақырылу жасындағы оқырмандар қатысты. Мақсаты — жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери борышқа құрмет қалыптастыру және тарихи жадты сақтау.
Кездесуде ауған соғысының тарихы мен әскер шығарылған күннің маңызы айтылды. Әскери жетекші Отан қорғау жауапкершілігі туралы әңгіме жүргізді. Сондай-ақ интернационалдық соғысқа қатысқан жерлестеріміз жайлы талқылау ұйымдастырылды.
Шара барысында ауған соғысы тақырыбындағы кітаптарға шолу жасалып, А. Харченко «Афганистан в моей судьбе», «Книга памяти о ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында «Ауған соғысы – ерлік пен елдік сабақтастығы» атты әңгіме сапар  сағаты өтті. Шараға ауыл тұрғыны, Ауған соғысының ардагері Костин Мұрат Бейсенбайұлы арнайы қатысып, жас ұрпаққа әскери борышын өтеу кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында соғыстың ауыр кезеңдері, жауынгерлік достық, Отан алдындағы адалдық пен жауапкершілік туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Дәмді жалпы білім беретін  мектебінің алғашқы  әскери дайындық пәні ұстазы Кенжеболат Молдағали ұлы ауған соғысының  басталу тарихына тоқтала кетті. Шараның қонақтары  жылы лебізін  заманынымыздың тыныштығын тілей отыра жақсы сөздер айтылды. Кездесу соңында оқы ... Читать дальше »

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Ауған соғысы – тарихымыздың қасіретті де тағылымды беттерінің бірі. Бұл соғысқа қатысқан жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығы ешқашан ұмытылмайды. Солардың бірі – Гарашов Шахин Губат оғлы. Оның Отан алдындағы адал қызметі, батылдығы мен ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Осыған орай «Гарашов Шахин Губат оглы – Ауған соғысы ел жадында» атты кездесу кеші және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімшілік ұжымы қатысып, ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Кездесу барысында Ауған соғысының тарихы, оның зардаптары мен тағылымы жайлы айтылып, жауынгерлердің естеліктері тыңдалды.
Шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне Ауған соғысына арналған тарихи деректер, естеліктер, көркем шыға ... Читать дальше »

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Жыл сайынғы дәстүрге айналған “Бір ел-бір кітап”республикалық акция 2026жылы да өз жалғасын табуда.
Жалпыхалықтық оқуға көрнекті қазақ жазушы әрі қоғам қайраткері
Қабдеш Жұмаділовтің
“Тағдыр”атты романы таңдап алынды.
Акция аясында Шилі ауылдық кітапханасы 
“Қабдеш Жұмаділов-азат дала шежірешісі”атты кітап көрмесін ұымдастырды.
Мақсаты:оқырманды Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырып,жалпы қазақ әдебиетін насихаттап,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,өскелең ұрпақтың рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметтерін көтеру.
Қазақ әдебиетінің қазынасына еңген Қабдеш Жұмаділовтің “Тағдыр”романында адам өміріндегі сынақт ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях