Главная » 2026 » Февраль » 13 » «Гарашов Шахин Губат оглы – Ауған соғысы ел жадында»
11:33
 «Гарашов Шахин Губат оглы – Ауған соғысы ел жадында»


Ауған соғысы – тарихымыздың қасіретті де тағылымды беттерінің бірі. Бұл соғысқа қатысқан жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығы ешқашан ұмытылмайды. Солардың бірі – Гарашов Шахин Губат оғлы. Оның Отан алдындағы адал қызметі, батылдығы мен ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Осыған орай «Гарашов Шахин Губат оглы – Ауған соғысы ел жадында» атты кездесу кеші және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімшілік ұжымы қатысып, ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Кездесу барысында Ауған соғысының тарихы, оның зардаптары мен тағылымы жайлы айтылып, жауынгерлердің естеліктері тыңдалды.
Шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне Ауған соғысына арналған тарихи деректер, естеліктер, көркем шығармалар мен батырлар туралы мақалалар қойылды. Көрме арқылы қатысушылар соғыс жылдарының шындығымен танысып, ерлік пен елдік рухты сезінді.
Кеш барысында қатысушылар ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран екенін атап өтті. Батырлардың есімі – ел жадында мәңгі сақталады. Олардың ерлігі – тәуелсіз еліміздің бейбіт өмірінің негізі.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях