Главная » 2026 » Февраль » 13 » «Ауған ардагерлері – ерлік символы»
18:24
 «Ауған ардагерлері – ерлік символы»


Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі мен батырлығын жас ұрпаққа үлгі ету, Ауған соғысына қатысқан жерлес азаматтардың өмір жолын насихаттау, тарихи оқиғаларды құрметтеу, ардагерлерге тағзым ету мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында 15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуы күніне орай «Ауған ардагерлері – ерлік символы» атты ерлік сағаты өткізілді.Шара барысында оқушыларға Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетіліп, соғыстың шығу тарихы, оның зардаптары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар, ауылымыздың ауған соғысына қатысқан жерлес ардагерлерінің өмір жолы мен көрсеткен ерліктері кеңінен насихатталды.
Ерлік сағаты жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге ықпал етті.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях