Главная » 2025 » Декабрь » 17


Дәмді ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты жыр кеші өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған поэзиялық шығармалар оқылып, ақын-жазушылардың ел еркіндігін арқау еткен жырлары насихатталды. Сонымен қатар Жетолтоқсан  тарихы, батыр  бауырларымыздың тәуелсіз ел жолында ерлігі және қысқа ғұмырлары туралы мәлімет беріллді.  Кеш қатысушылары тарихи тағылымға толы өлең жолдары арқылы тәуелсіз елдің жетістіктері жайында, рухани әсер алды.

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.12.2025 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға мектептің жас мамандары мен 6-сынып оқушылары қатысты.Тарихи сағаттың мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолы, Желтоқсан оқиғасы, еліміздің рәміздері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды. Жас мамандар оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіп, танымдық әңгімелер мен деректер арқылы тарихи кезеңдерге шолу жасады.  Іс-шара соңында Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы екені атап өтіліп, жас ұрпақты елін, жерін ... Читать дальше »

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.12.2025 | Комментарии (0)


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында «Желтоқсан — Тәуелсіздіктің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын жақсы білетін, сол кезеңнің куәсі болған ауылдың құрметті ақсақалдары қатысып, тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсетіп, еркіндік пен тәуелсіздіктің шынайы бағасын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстелде Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастардың ерлігі мен қайсарлығы, сондай-ақ сол бір қасіретті күндерде қаза тапқан боздақтардың тағдыры кеңінен сөз болды. Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сынды ерлердің есімдері аталып, ола ... Читать дальше »

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.12.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях