Главная » 2025 » Декабрь » 17 » «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз»
10:42
 «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз»


Раздольный ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға мектептің жас мамандары мен 6-сынып оқушылары қатысты.Тарихи сағаттың мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолы, Желтоқсан оқиғасы, еліміздің рәміздері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды. Жас мамандар оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіп, танымдық әңгімелер мен деректер арқылы тарихи кезеңдерге шолу жасады.  Іс-шара соңында Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы екені атап өтіліп, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, білімді де саналы азамат болып өсуге үндейтін тағылымды қорытынды жасалды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях