
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында «Желтоқсан — Тәуелсіздіктің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын жақсы білетін, сол кезеңнің куәсі болған ауылдың құрметті ақсақалдары қатысып, тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсетіп, еркіндік пен тәуелсіздіктің шынайы бағасын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстелде Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастардың ерлігі мен қайсарлығы, сондай-ақ сол бір қасіретті күндерде қаза тапқан боздақтардың тағдыры кеңінен сөз болды. Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сынды ерлердің есімдері аталып, олардың ел тарихындағы орны ерекше екені атап өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тарихи өткенге құрметпен қарауға тәрбиелеу және Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін ұғындыру.
Ко Дню независимости Республики Казахстан в Шолаксайской сельской библиотеке прошёл круглый стол «Желтоқсан — Тәуелсіздіктің бастауы». В тёплой и одновременно глубоко содержательной атмосфере состоялась встреча поколений с участием уважаемых аксакалов села — свидетелей эпохи, хорошо помнящих декабрьские события 1986 года и их историческое значение. В ходе беседы звучали воспоминания, размышления и оценки, раскрывающие истинную цену свободы и независимости.
Особое внимание было уделено участникам Желтоқсана и тем, кто трагически погиб, отстаивая честь и достоинство народа. Были названы имена Кайрата Рыскулбекова, Сабиры Мухамеджановой, Ербола Сыпатаева, Ляззат Асановой — героев, чья судьба навсегда останется в памяти народа и истории страны.
Целью мероприятия стало воспитание патриотизма, уважения к прошлому и осознания того, что независимость Казахстана была завоёвана мужеством и жертвенностью молодёжи декабря 1986 года.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|