Главная » 2025 » Декабрь » 04


«Ізгілік эстафетасы» халықаралық фестивалі  аясында Шолақсай ауылдық кітапханасында «Кедергісіз әлем» атты ізгілік сабағы өтті. Балалар толеранттылық, мейірімділік, жанашырлық сияқты маңызды ұғымдармен танысып, жақсы адам болуға жетелейтін қасиеттер туралы әңгімелесті. Кітапханашы В. Осееваның «Көк жапырақтар», В. Катаевтың «Көптілді гүл», Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы хикаясы» сияқты шығармаларды таныстырып, кейіпкерлердің жігері мен қайсарлығының үлгі екенін атап өтті. Соңында балалар «Толеранттылық гүлі» моделін жасап, әр жапыраққа жақсы қасиеттерді жазды. Мақсаты: оқушыларға мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеу және толеранттылық   ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасы «Барлығына арналған кітапхана» жобасы аясында Молдағалиев Үміт апайдың үйіне жүрмелі кітап қызметін тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл игі бастаманың мақсаты – ауыл тұрғындарын, әсіресе үйден шықпайтын жандарды кітаппен қамтамасыз ету, олардың рухани әлемін байыту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітапханашы Үміт апайға түрлі жанрдағы жаңа кітаптарды жеткізіп, әдеби жаңалықтармен таныстырып, қажетті ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Мұндай жүрмелі кітап қызметі ауылдағы әрбір оқырманға қолжетімді білім мен мәдениетті насихаттаудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы «Мейрімділік-жүректен» тақырыбында диалог алаңын ұйымдастырды. Мақсаты: қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына назар аударып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттердің қадырына 
тоқталу. Шараға әр саланың қызмет өкілдері шақырылды: мектеп, ФАП, бала-бақша, мәдениет қызметкері.
Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайы, психологиялық көмек, оңалту жағдайларын дамыту, әлеуметтік реабилитациялау туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, шақырылған әлеуметтік педагог Тулеужанова Г.А. мүмкіндіктері шектеулі балаларға мүсіркей қараудан арылу жолдары,жалпы білім беретін орта мектептерде ерекше балалардың оқып,білім алуына жағдай жасалу туралы кеңірек тоқталды.

Ш ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях