18:31 | |
|
«Ізгілік эстафетасы» халықаралық фестивалі аясында Шолақсай ауылдық кітапханасында «Кедергісіз әлем» атты ізгілік сабағы өтті. Балалар толеранттылық, мейірімділік, жанашырлық сияқты маңызды ұғымдармен танысып, жақсы адам болуға жетелейтін қасиеттер туралы әңгімелесті. Кітапханашы В. Осееваның «Көк жапырақтар», В. Катаевтың «Көптілді гүл», Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы хикаясы» сияқты шығармаларды таныстырып, кейіпкерлердің жігері мен қайсарлығының үлгі екенін атап өтті. Соңында балалар «Толеранттылық гүлі» моделін жасап, әр жапыраққа жақсы қасиеттерді жазды. Мақсаты: оқушыларға мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеу және толеранттылық тақырыбындағы әдебиеттермен таныстыру.
| |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
