Главная » 2025 » Декабрь » 4 » «Барлығына арналған кітапхана»
18:04
 «Барлығына арналған кітапхана»


Раздольный ауылдық кітапханасы «Барлығына арналған кітапхана» жобасы аясында Молдағалиев Үміт апайдың үйіне жүрмелі кітап қызметін тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл игі бастаманың мақсаты – ауыл тұрғындарын, әсіресе үйден шықпайтын жандарды кітаппен қамтамасыз ету, олардың рухани әлемін байыту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітапханашы Үміт апайға түрлі жанрдағы жаңа кітаптарды жеткізіп, әдеби жаңалықтармен таныстырып, қажетті ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Мұндай жүрмелі кітап қызметі ауылдағы әрбір оқырманға қолжетімді білім мен мәдениетті насихаттаудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях