Главная » 2025 » Июнь » 03


4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай Раздольный жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ауылдық кітапханада «Отанымыздың рәміздері – менің мақтанышым» атты патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді дарыту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыр. Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын түсіндіру. Кітапхана қызметкері балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсіндіріп, олардың шығу тарихына шолу жасады. Балалар көк Туымыздағы бейнелердің мағынасын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Оқушылар Ту туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, ба ... Читать дальше »

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылдың 2 маусымында «IQostanay» оқушылар сарайында ІІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ІІ дәрежелі дипломына Дәмді ауылдық кітапханасының оқырманы Байтасова Балжан Нургалиевна,  ІІІ дәрежелі дипломына Науырзым жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сәлімгерей Жансая ие болды, Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы және директоры  Таскумбаева Бийнегуль Тулетайқызы Алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
#ОқыЖәнеЖең

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің қызметкерлері ауыл балаларына арналған «Балалық шақтың ашық түстері» атты жарқын әрі есте қаларлық ойын алаңы ұйымдастырды. Бұл мереке нағыз шаттыққа, күлкі мен қуанышқа толы балалық шақтың көрінісі болды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жүзінде шаттық күлкі сыйлап, достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта қалыптастыру. Кітапхана ішінде «Балаға базарлық» атты түрлі-түсті кітап көрмесі жасақталып, балалар достық пен қиял жайлы қызықты кітаптарды қызығушылықпен тамашалады.
Ашық аспан астында өткен сан алуан қызық ... Читать дальше »

Просмотров: 12 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылдың 1 маусымында Дәмді ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бүгінгі балалар – ертеңгі болашақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шара ауыл балаларына шаттық пен ерекше көңіл-күй сыйлап, оларды қуанышқа бөледі.
Іс-шара барысында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз 2025 жылғы танымал трекке билеп, өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарын тәнті етті. Ер балалар мен қыз балалар арасында өткен жылдамдық пен тапқырлықты қажет ететін топтық ойындар қатысушыларға да, көрермендерге де ерекше әсер қалдырды.
Ауылдың ақсақалдары мен үлкендері жиналған жұртқа жүрекжарды тілектерін арнап, әр балаға шаттық пен жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік микс бағдарл ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)


2025 жылғы 1 маусымда Раздольный ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл – балалардың шаттық пен күлкісіне толы ерекше күн.
Ауылдық алаңда өткен мерекелік шараға әртүрлі жастағы балалар мен олардың ата-аналары белсенді түрде қатысты. Балалар үшін қызықты ойындар, жарыстар мен зияткерлік викториналар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар мен естелік естеліктер табыс етілді. Әсем безендірілген алаңда балалар шаттанып ойнап, көңілді әндер шырқалды.
Бұл мерекелік күн бүлдіршіндерге қуаныш пен жарқын сәттер сыйлады. Ауыл тұрғындары мен ұйымдастырушылар балаларға деген мейірімін білдіре отырып, әр баланың бақытты балалы ... Читать дальше »

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 03.06.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях